«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанайлық шағын несиелеу ұйымы көмек сұрайды

2018 жылғы 06 Желтоқсан
- Қостанай облысы
6177 просмотров

«Союз-Кредит» ЖШС шағын несиелеу ұйымы 10 жыл бойы ауыл мен шағын қалаларда несиелеуді жүргізіп отырған

Шағын несиелеу ұйымы 2,2 млрд теңге көлемінде несие бөлген, бірнеше мемлекеттік бағдарламаға қатысқан. Алайда былтыр ЖШС ауқымды мәселелерге тап болды. Қазір ұйым «Тобыл» ӘКК» акционерлік қоғамына он миллиондап қарыз. 5 желтоқсан күні тараптар мәселенің шешімін табу үшін Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл жөнендегі кеңестің төрағасы Владимир Шакунның жеке қабылдауына барды.

Шын мәнінде бұл қаражат «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынікі емес, республикалық бюджеттікі. Бұл қаражат Қаржы министрлігінен транзит арқылы ӘКК-ке түскен, одан ары қарай – шағын несиелеу ұйымына берілген. Бүкіл тізбекті ескерсек, шағын несиелеу ұйымынынң проблемасы тікелей «Тобыл» ӘКК-тің проблемасына айналады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік копрорациясы енді мемлекет алдындағы борышкер. Демек, қарыздардың жылдам қайтарылуына екі тарап та мүдделі.

Біз қашып жүргеніміз жоқ, бізге нарықта қалуға және мемлекеттік ақшаны қайтаруға көмектесетін шешім табуға келдік. Бұған қоса сыйақыны есепке алумен 370 млн теңгені төлем қойғанымызды ұмытпайық. 2017 жылдың қазан айында біз ӘКК-ке келіп, мәселеміз жайында айттық. Азғантай шектеулілік орын алды. Мұндай жағдайды алдын алуға тырыстық. Ал әріптестерімізге 37 жарғылық капитал 35 млн теңге жағдайында 37 млн теңгеге айыппұл салғанын көріп, амалымыз жоғын түсіндік. Ең төмен мөлшерде қарсыласуды таңдадық. Құралдарды дұрыс пайдаланбаған шығармыз. Бірақ бізге құтқару белбеуін беріңіздерші!, – деді ЖШС директоры Виктор Гренц.

Қазіргі жағдай мүшкіл. Гренцтің айтуынша, ақшаны егер ЖШС жұмыс істесе ғана қайтаруға мүмкін болады. Ал жұмыс істеуге бұғатталған шоттар кедергі. Ол шоттарды босатып, 5 жылға шегерім беруді сұрап отыр.

 «Біз келісішарттық қатынастарды туралы айтып отырмыз, егер төлеуді кешіктіру фактісі болса, оны шешуіміз керек. 10 желтоқсан күні қарызды беру мерзімі келе жатыр. Мемлекетке 245 млн теңге қайтаруымз керек. Бізде ондай ақша жоқ. Атқарушы өндірісі нәтиже бермей отыр. Біздің жағдайда мерзімді шегере тұру түсінігі жоқ, ал игеру мен қайтару түсінігі бар. Болды», – деді «Тобыл» ӘКК» ЖШС заңгері Ләззат Боранбаева.

 Дегенмен, қызу талқылаудан кейін екі тараптың қызығушылығын тудырған бірнеше ұсыныс айтылды. Олар ары қарай жұмыс тәртібінде қаралатын болады.

«ЖАР-777» ЖШС  директорында мәселелер жеңілдеу. Оның фирмасын сот арқылы сатып алуларға заңсыз қатысушы деп таныған, енді ол құрылысқа жұмсалған қаражатты қайтаруға болатынын сұрап келді.

«Бізді жосықсыз жеткізушілер деп танығанша жұмыстың 70 пайызын орындап қойған едік. Мен жобаға шамамен 3 млн теңге құйдым, оған объектінің суреттері, шот-фактуралар дәлел», – деді кәсіпкер.  

«Бұл жағдайда құқықтық мүмкіндіктер жаман емес. Шығындалған қаражатты сот тәртібінде егер қолда дәлелдер болса, шешуге болады», – деді Владимир Шакун.

Сот үдерісіне қажетті құжаттарды Қостанай облысы ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімі көмектеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер