«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіби бағдар мамандар тапшылығын алдын алады

2018 жылғы 06 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
7427 просмотров

Батыс Қазақстан облысында  Кәсіби бағдар орталығын ашуды Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұсынып отыр

Мамандар тапшылығын алды алу үшін кәсіби бағдарға басымдық жасау ұсынылды. Осы мақсатқа Батыс Қазақстан облысының 78 мектебінде кәсіби бағдар кабинеттері ашылды.

 «9 айдың ішінде 147 кәсіби бағдар іс-шарасы жүргізіліп, оған 88 мектеп және 26 кәсіпорыннан 5,5 мың адам қатысты. Өндірісте тұрақты түрде экскурсиялар ұйымдастырылады. Бұл бастама бойынша тоқсан сайын колледждердің бірінің базасында өңірлік Кәсіби бағдар күні ұйымдастырылады. Жоғары сынып оқушыларын кәсіптік-техникалық білім беру орындары, сұранысқа ие мамандықтармен таныстырдық. «Назарбаев Зияткерлік Мектебімен» бірлесіп, «Мамндықты сәтті таңдау» әдістемелер жинағы шықты. Адами капиталды дамыту бөлімі «Мектеп түлегіне көмек» (9-сынып), «Болашақ мамандықты анықтау алгоритмі» әдістемеліктері әзірленді», – деді БҚО ӨКП Адами капиатлды дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Әбілқайырова.

 Аталған жұмыс жүйелі, уақыт талабына сай болуы үшін «Оқушылар және жастар сарайы» базасында Облыстық кәсіби бағдар орталығын ашу керек.

 «Осылайша жасөспірімдер болашақ мамандықты дұрыс әрі ерте таңдауға мүмкіндік алады. Таңдалған бағыт бойынша дайындалып, бейінді пәндерді ерте бастан тереңірек зерттей алады. Орталық жастарға ақпараттық-әдістемелік және психологиялық көмек көрсетуге көмектеседі, жұмысшы кәсіптерді танымал етуіне оң әсер етеді», – деді Айгүл Әбілқайырова.

Орталық облыстық Білім беру басқармасы, Жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, Жастар саясаты жөніндегі басқармасымен бірлесіп жұмыс істейді деп күтілуде. Мектеп оқушыларынан басқа кәсіби бағдар көмегін алып, диагностикалау қызметін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да ала алады. Орталықтар табысты адамдар залы бар, онда кәсіпкерлер мен танымал тұлғалар шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер