«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Озық балабақшадан орасан тәжірибе

2018 жылғы 28 Қараша
- Маңғыстау облысы
8274 просмотров

Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы ауданының кәсіпкерлері облыс орталығындағы «Бақыт» балабақша-гимназиясының жұмысымен танысты.

Шаһардағы озық мектепке дейінгі мекемелердің бірі саналатын білім ошағынан балаларды оқыту, тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін көруге мүмкіндік алды. Бұл шараның өтуіне өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мұрындық болды.

Балабақша-гимназияның директоры Лариса Гурьева өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Іскер әйелдер кеңесіне мүше. Әрі «Маңғыстау облысындағы білім» қауымдастығының құрылтайшысы. Үнемі кәсіпкерлер палатасының мамандарынан заңдық тұрғыда кеңес алып тұрады. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламалардан көп қолдау көріп отыр. Онсыз ауқымды  бизнесті дамыту қиынның қиыны. Маңғыстаулық педагогтардың шешілуге тиісті мәселелері жеткілікті. Білімі терең, саналы, болашағы зор ұрпақ тәрбиелеу-міндетіміз. Мен балаға деген махаббаты зор тәрбиеші-ұстаздарға көңіл бөлемін. Дипломы болса да, жүрегі жоқ мамандар бізге қажет емес», – деп ойын түйіндеді кешен басшысы.

«Бақыт» балабақша-гимназиясы 2014 жылы ашылған. Қазір бөбекжайда 200 бала тәрбиеленсе, мектебінде 88 оқушы дәріс алуда. 2 жас пен 4-сынып аралығындағы балаларға мемлекеттік сандарттарды сақтап, гимназия бағытында үш тілде білім беріп келеді. Кешенде сапалы білім мен тәрбиеден бөлек, массаж, бассейн, өнер студиясы, шахмат сынды қосымша үйірмелер бар.

Мұнайлы ауданында үш бірдей балабақшаға басшылық ететін Гүлжанат Қонысбаева бөбекжай мәселесіне бей-жай қарай алмайды. Балалар дамуына қатысты кез-келген жетістікті көріп-білуге және оны өзі жетекшілік ететін мекемеде жүзеге асыруға дайын.

«Бұл кешеннің техникалық базасы, мамандары мықты екені көрініп тұр. Оған ата-ана жарнасының жоғары болуы да үлкен септігін тигізіп отырған болар. Өйткені, біздің балабақша мемлекеттік бөбекжайдың жарнасынан асырмау туралы әкімдікпен арнайы меморандумға қол қойдық. Бұл мекемеден ұқыптылықты, тиянақты дайындықты, жүйелі білімді үйренуге болады», – дейді ол.

 

Нағима Қуандықова, Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының адами капиталдарды дамыту бөлімінің басшысы:

Бұл шара осы саланы тізгіндеген кәсіпкерлерге үлкен тәжірибе болды.Осы бағытта жұмыстарды жүйелендіру және біртұтас, мызғымас бизнеске айналуы үшін «Атамекен» КП қосар үлес зор.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер