Геологиялық саланың мәселелері қосалқы комитет отырысында талқыланды
Геологиялық саланың «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне құқықтық нормаларды енгізуге дайындығы, геологиялық мамандарды дайындау мен біліктілікті арттыру, сонымен қатар Қазақстанның минералдық-шикізаттық базасын қалпына келтіру стратегиясының мәселелері «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетіне қарасты геология саласы бойынша қосалқы комитетінің екінші отырысында талқыланды.
Қосалқы комитет жұмысына ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, «Жер қойнауы тәуелсіз сарапшыларының кәсіби бірлестігі» (ПОНЭН) қоғамдық бiрлестiгiнің атқарушы комитеті, сонымен қатар Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ өкілдері қатысты.
Қосалқы комитеттің төрайымы Галина Баймаханова өз баяндамасында саланың бірнеше өзекті мәселелерін, атап айтқанда жеткілікті және тұрақты қаржыландырудың қажеттілігі, жер қойнауын геологиялық зерттеуді сауатты жоспарлау және жобалау, заманауи инфрақұрылым мен білікті кадрлардың болуы, сонымен қатар, жер қойнауын зерттеудің барлық кезеңдеріндегі жұмыстарды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді көтерді.
Елдің минералдық-шикізаттық базасын қалпына келтіру бойынша анағұрлым тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін жиынға қатысушылар ҚР жер қойнауын геологиялық зерттеу жұмыстары және қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуді талқылаудың орындылығы бірауыздан қолдау тапты.
Жер қойнауын геологиялық зерттеу үшін мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде құрылыс және геологиялық барлауға шектеулерді нақты бөлу арқылы қолданыстағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 6-бабындағы талаптарын қолданбауға қатысты нақтылауды енгізу қажеттілігі қолдау тапты. Кәсіби қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, дала материалдарын белсендірудің тиімді жүйесін енгізу; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс нормаларын реттеуде оларды зерттеуге, іздестіруге және бағалауға байланысты барлық процестерді енгізу арқылы жер асты суларының пайдалы қазбалардың жекелеген түрлеріне бөлінуі және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіннің жер асты суларын қарауына беру бойынша ұсыныстар қолдау тапты.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе – геология мамандарды дайындау мен біліктілігін арттыруға қатысты болды. Осы мәселе бойынша қосалқы комитеттің төрайымы Галина Баймаханова, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ, Геологиялық-барлау колледжінің (Семей қаласы) өкілдері баяндамалар оқыды.
Білім беру жүйесін тежеп отырған кедергілер ретінде заңнамалық база, сапалы кәсіби стандарттар, білім беру бағдарламалары, біліктілікті тану мен реттеудің тиімді жүйесі болмауы белгіленді. «Жас геолог» корпортивтік қор айналысып жүрген жас геологтарды дайындау мәселелері де жиын барысында талқыға салынды. Қатысушылар ҚР Инвестицияалар және даму министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, геологиялық салаға арналған оқыту жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге келісті.
Жиын барысында көтерілген тағы бір сұрақ – ҚР минералдық-шикізаттық базасын қалпына келтіру стратегиясына қатыстырылды. Тақырып бойынша «Жер қойнауы тәуелсіз сарапшыларының кәсіби бірлестігі» (ПОНЭН) ҚБ атқарушы комитетінің төрағасы Георгий Фрейман баяндама жасады. Баяндама барысында Қазақстанда тиімді геологиялық барлау жүйесінің болмау себептері, сондай-ақ саланы жаңғырту бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
«Кездесу барысында айтылған ұсыныстар «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасына, сонымен қатар елдің барлық мүдделі мемлекеттік органдарына жіберіледі», – деп қорытындылады қосалқы комитеттің төрайымы Галина Баймаханова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: