«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алик Шпекбаев Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысын оң бағалады

2018 жылғы 26 Қараша
2471 просмотров

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің Төрағасы Алик Шпекбаев өзінің Қарағанды облысына барған жұмыс сапары барысында Өңірлік кәсіпкерлер палатасына барып, жергілікті бизнес-қоғамдастықпен кездесті.

Агенттіктің төрағасы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Орталық жақында қызмет көрсету ауқымын кеңейтіп, «бір терезе» принципі бойынша өзіне-өзі қызмет көрсетудің электронды аймағын құрған болатын.

 «Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары облыстық КҚКО, сонымен қатар аудандық Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында да жұмыс істейді. Бизнесмендер сонымен қатар қызмет түрлерін интернет-ресурс немесе Services.Atameken.kz мобильді қосымшасы арқылы қашықтықтан да ала алады. Кәсіпкерлерге ІТ-сектор, құжаттарды кедендік рәсімдеу қызметінде көмек көрсету, маркетинг қызметі, МЖӘ, мемлекеттік сатып алулар туралы қызмет көрсету, заңгерлік, бухгалтерлік және салықтық қызметтер бойынша қолдау көрсетіледі», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасынң директоры Ернар Күлпейісов.

 Алик Шпекбаевқа, сонымен қатар «Кәсіпкердің жеке кабинеті» жобасының мүмкіндіктері таныстырылды. Тіркелудің оңай процесін өткен соң бизнесмендер пайдалы әрі тегін сервситерді қолдана алады:  келісімшарттардың айын шаблондарын жүктеп алу, сатып алулардың барлық алаңдары бойынша қолжетімділікті алу, серіктесті адалдыққа тексеру, сонымен қатар қаржылай емес қолдаудың бүкіл спектрін ала алады.

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлылққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік төрағасы өңірлік бизнеске қызмет көрсетуде Палатаның Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында жүргізіп жатқан жұмысқа оң баға берді.

 

 «Заманға сай жұмыс істеп, цифрлық технологиялар енгізу, барлық үдерістерді онлайн форматқа ауыстыруды қолға алып жатқандарыңыз өте жақсы. Орталықтарыңызда даму институттары мен монополист-компаниялар өкілдерінің болуы өте маңызды жайт. Меніңше мұнда монополиялық кәсіпорындардың кеңесшілерін барынша көптеп орналастыру керек, осылайша кәсіпкерлер барлық қызметтерді бір орталықтан алатын болады. Өзне-өзі қызмет көрсету аймақтары да ыңғайлы, кәсіпкерлер кезек күтпей, өздері қажетті қызметтерін алады», – деді Алик Шпекбаев.

 Жұмыс сапары аясында Алик Шпекбаев кәсіпкерлердің өңірлік кеңесімен түйткілді мәселелер талқылау мақсатында кездесті.

 Бизнесмендер сот жүйесінің олқылықтары, атап айтқанда, салық даулары мен жекелеген аудандарда интернетке қолжетімділіктің болмауына қатысты шағым айтты. Шенеуніктердің құзыреттілігі немесе әрекетсіздігі жағдайында бизнестің шығындарын төлеу қажеттілігіне назар аудартты. Қарағандылықтар көтерген маңызды мәселелердің бірі – электр энергиясына деген жоғары тарифтер.

«Бизнесмендердің айтуынша, халыққа тарифтерді кәсіпкерлердің есебінен әртараптандырып беру – әділетсіз. Мемлекет басшысы тарифтер мәселесін Қауіпсіздік кеңесінің отырысында көтерген болатын. Қазіргі таңда коммуналдық қызмет көрсету тарифтерін төмендету бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп отыр. Жеке монополистерге қатысты қылмыстық істер қозғалған, олардың кейбіреулері өз қызметтеріне деген тарифтерді төмендетуге дайын», – деді Алик Шпекбаев.

 Сыбайлдас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы  барлық көтерілген мәселелер бойынша өз қызметкерлеріне нұсқау берілетініне сендірді, әрбір көтерілген мәселе бойынша талдау жүргізіліп, тиісті шешім қабылданатын болады.

 «Бизнестің белсенді жұмыс істеуйіне билік риза болуы керек. Өйткені осылайша ел экономикасы дамып, халықтың жалпы әл-ауқаты жоғарылайды», – деп атап өтті Шпекбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер