Күзет бизнесі қызметкерлердің жалақысын көтереді
«Атамекен» ҚР ҰКП-да тіркелген Қазақстанның күзет ұйымдарының қауымдастығы Мемлекет басшысының тапсырмасын қолдаған қауымдастықтар арасындағы тұңғышы.
Қазақстанда күзетшілердің жалақысы-жүз мың теңгеге жуық. Бұл 2019 жылға жоспарланған ең төменгі жалақы мөлшерінен асады. Дегенмен биыл 5 ұйым жалақыны 10-15% - ға көтерді. Бірінші кезекте бұл ай сайын 50-60 мың теңге көлемінде жалақы алатын қызметкерлерге қолдау болып отыр.
«Алдағы қыс қарсаңында азық - түлікке, коммуналдық қызметтерге және басқа да шығыстарға төленетін шығындар үшін жалақыны көтеру- барлық жұмыс істейтін қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне нақты көмек болады», - деп атап өтті Қазақстанның күзет ұйымдары қауымдастығының президенті Анатолий Калинин.
Осылайша, алматылық «Эгида-Дружина» ЖШС 15 қазаннан бастап «Газпром Нефть-Казахстан» ЖШС ЖҚС түнгі бекеттерінде қызмет атқаратын 64 күзетшінің жалақысын 25% - ға арттырды.
«Біз биыл Алтайда, Өскемен мен Риддерде күзет қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға арттырдық, - деді алматылық «ГРУПП Четыре» ЖШС Бас директорының орынбасары Александр Кузнецов. - Ішкі резервтерді қарастыра отырып, компаниялар есебінен күзет қызметкерлерінің жалақысы Талдықорған, Петропавл, Қостанай қалаларында 15% - ға өсті».
Қауымдастыққа кіретін күзет ұйымдарының бір бөлігі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің жалақысын арттыруды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны бір жарым есеге – 28 мың теңгеден 42 мыңға дейін арттыруды тапсырған болатын. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен жыл сайын 96 млрд.теңге бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бизнес өкілдерін өз қызметкерлеріне ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруға шақырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: