«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Open Day: Іле ауданындағы бизнес пен билік арасындағы ашық әңгіме

2018 жылғы 21 Қараша
- Жетісу облысы
4600 просмотров

«DAMU» индустриалды-логистикалық орталығында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың алаңын, бизнес пен билік арасындағы әріптестікті жақсарту мен проблемалық сұрақтарды шешу мақсатында Open Day шарасы өтті.

 Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов кәсіпкерлер мен  атқарушы органдар арасында В2В кездесулер өткізудің маңыздылығына тоқталды.

 «Осы жылдың қыркүйек айында аудан әкімі бизнес өкілдерімен кездесіп, сол кезде айтылған жеке мәселелердің көпшілігі шешімін тапты. Энергоқуаттылықтың жетіспеушілігі, инфрақұрылымды жеткізу сынды жүйелі мәселелерді әкімдік қатаң бақылауға алды», - деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Сонымен бірге Палата басшысы кәсіпкерлерді заң жобаларын талқылау жиындарына, кеңесші-сабағаттық органдардың жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы оң көрсеткіштерге ие екенін атап өтті. Оның көпшілігі бизнес өкілдерінің үлесінде.

«Іс-шараның форматына қарамастан, ең бастысы біздің бірлескен жұмысымыз атқарушы биліктің бизнеспен тиімді әріптестікті орнатуға бағытталған. Мемлекет басшысы өз Жолдауында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар екіжақты жұмыс жүргізуіне, мәселелердің лезде шешу қажеттілігіне назар аударды. Іле ауданы - облысымыздағы ең ірі өнеркәсіптік аудандардың бірі, белсенді іскерлік орталық болып табылады. Сондықтан да жан-жақты қолдау көрсетіп отыруымыз қажет», - деді аудан әкімі. 

Бағдат Қарасаевтың сөзінше, ауданда 250-ден астам ірі өнеркәсіптік компания және 3 қалақұраушы кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл өндіріліген өнеркәсіптік өнім көлемі 285 млрд теңгені құрамақ. Бұл Алматы облысындағы жалпы өнеркәсіптік көлемнің 33%-ы болып табылады.

Соңғы жылдары Іле ауданында шағын және орта бизнес үлесінің өсуі байқалады. Бүгінгі таңда бұл секторда 30 мыңнан астам адам қызмет атқарады.

Open Day аясында Нариман Әбілшайықов пен Бағдат Қарасаев кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізді. Кәсіпкерлер бизнесті дамыту мен кеңейту жолындағы кедергілерді айтып, әкімдіктің аудан дамуы жөніндегі жоспарымен танысты. Сондай-ақ, өңірдегі бизнес-ахуалды жақсарту жолындағы өз ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.

 «Бүгін кәсіпкерлер пен билік өкілдері арасында емін-еркін және ашық әңгіме орын алды. Жергілікті биліктің бизнеске деген көзқарасы оң, жан-жақты қолдауға әзір екендерін жеткізді. Екіжақты диалог орнату арқылы кез келген мәселе жылдам және нәтижелі шешуге болады деп есепетеймін», - деді Өңірлік кеңес мүшесі, Іле ауданы кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Жанна Телпекбаева.

Сонымен бірге өңірлік палата пен аудандық әкімдік бөлімдерінің басшылары кәсіпкерлерді ауыл шаруашылығы, салық қатынастары, мелекеттік бағдарламаларға қатысу, несиелендіру, мамандарды дайындау және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру жүргізді.

 «Кәсіпкерлер арасында заңнамадағы өзгерістер мен жаңалықтар, жобалар мен іс-шаралар туралы тұрақты түрде ақпараттандырып отыру өте маңызды. Мысалы, бизнес үшін кадр жетіспеушілігі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Бүгінгі тада мемлекеттік бағдарлама аясында бюждеттік қаражат есебінен компаниялар өздеріне қажетті мамандарды дайындай алады. Сондай-ақ, жыл өткен сайын көптеген мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету үрдістері қысқартылып, онлай режимге ауыстырылуда. Бұл кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы», - деді облыстық Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер