«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нариман Әбілшайықов пен Бағдат Қарасаев кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізеді

2018 жылғы 19 Қараша
- Жетісу облысы
4865 просмотров

20 қараша күні Байсерке ауылында Даму» индустриалды-логистикалық орталығының аумағында кәсіпкерлер үшін Open Day өтеді.

Шара Іле ауданындағы кәсіпкерлікті қолдау мен қорғаудың диалог алаңын құру, бизнес пен билік арасында тиімді әріптестік орнату, бизнестің мәселелерін шешу мақсатында ұйымдастырылады.

Іс-шара В2В форматында Палата бөлімдерінің басшылары мен әкімдік және даму институттары өкілдерінің төмендегі бағыттар бойынша кәсіпкерлерге кеңес беруі жүргізіледі: Салық, Жер кодексі және басқа да нормативтік-құқықтық ақтілердегі өзгерістер, мемқолдау шаралары; кадрларды дайындау; МЖӘ механизмдері.

Сонымен бірге, облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов пен Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер