«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстанда жеміс пен көкөніс өңдеу зауыты ашылады

2018 жылғы 16 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
8981 просмотров

 Мәди Әбутәлиевтың жобасы республика бойынша үздік 30 жоба қатарына еніп, «Атамекен» ҚР ҰКП мерейтолы V Съезінде ерекше аталды.

«Бастау» жобасы 6-легінің түлегі былтыр оқып шықты.  Стартапердің жобасы амбициялық, сондықтан сомасы да қомақты. Жоба жүзеге асыруға Мәди Әбуталиевке 100 млн теңге қажет болды. Жеміс консервациясы мен сусындар өндірісі бойынша зауыт дайын болып қалды. Іске қосу қараша айының соңына белгіленген. Бастапқыда жұмыспен 20 адам қамтылады, толық жүктелме уақытында 100 жаңа жұмыс орны құрылады.

«Кәсібін енді бастаған кәсіпкер мамыр айында БҚО бойынша «Агронесиелеу копрорациясы» арқылы қаражат алды. Жеңілдетілген несиені Мәди Әбуталиевке 8%-бен 10 жылға берілді. Кепілдікті қамтамасыз ету кәсіпкерде 20% болды. Несие төлеуден демалу мерзімі – 2 жыл. Зауыт Зеленов ауданы Трекино ауылының территориясында салынды. Өндіріс қуаты күніне 20 тонна өнмі немесе шырын мен көкөніс өнімінің 150 мың банкасы шығады. Кәсіпкер көкөністі жергілікті шаруа қожалықтардан сатып алатын болады. Жеміс-жидектоер республиканың оңтүстігінен алынады. Дайын өнімнің 80%-ы Ресейге, қалған 20% еліміздің батыс аймағына жіберіледі», – деді Зеленов ауданы бойынша бизнес-тренер Қуанышбек Ерниязов.

 «Бастау» аясында «сұлулық индустриясы» бойынша көптеген жобалар жүзеге асты. Заманауи қызметтің толық ауқымымен салондар ауылдық жерлерде ашылды. Олардың бірі Тасқала ауданында 53 жасар Светлана Өтемісова қызы Арайлыммен бірге ашты. Аудан орталығында тағы 8 шаштараз барына қарамастан анасы мен қызы бәсекеден қорыққан жоқ. Стандартты қызметтен бөлек мұнда визажист пен стилисттің қызметі көрсетіледі. Жеңілікпен алынған несие – 3 млн 600 мың теңгені Светлана Өтемісова 5 жыл мерізмге алды.  «Бастау» түлегі өз отбасын ғана емес ауылдастарын да жұмыспен қамтып отыр.

 Бөкейорда ауданы Мұратсай ауылының 56 жасар тұрғыны Гүлбаршын Насимуллина тоғыз жыл қатарынан ауыл тұрғындарына нан пісіріп келеді. «Бастау» жобасы туралы естіп, ол оқуға қатысуға бел буады. Бизнес-тренер Марат Бүдіров жоспарлау, маркетинг, өңір ерекшелігін ескере отырып, тәуекелдерді есептеу бойынша тренингтер жүргізді. Бұған қоса тыңдаушылар мемлекеттік бағдарламалар бойынша пайдалы ақпарат алды. Курс аяқталған соң Гүлбаршын Насимуллина наубайханамен қоса мал шаруашылығын қолға алуды жоспарлайды. Жеңілдікпен несиені 2 млн 300 мың теңге көлемінде рәсімдеп, кәсіпкер 8 бас ірі қара сатып алып, енді балғын нан өнімдерімен бірге сүт өнімдерін де сатады.

 Былтыр «Бастау» жобасы Батыс Қазақстан  облысында 5 ауданды ғана қамтыған болатын, биыл  болса барлық 12 аудан мен Ақсай қаласында оқу жүруде.     

Курс биыл 16 сәуір күні басталды. Биыл жоспар бойынша 2071 адамды оқыту көзделген, қазір 1833 жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам оқудан өтті.  Жалпы сомасы 1,9 мдрд теңге көлемінде 538 жоба қаржыланды.

 Осылайша жобаға қатысқан әр үшінші адам кәсіп ашты немесе бизнесін кеңейте алды. Қаржыланған жоспарлар бойынша Батыс Қазақстан облысы республикада бірінші орында тұр. Жүзеге асқан жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығына қатысты.


Ұқсас жаңалықтар:

«Бастау»: Батыс Қазақстан облысында 750 адам кәсіп ашты
28 Желтоқсан
2018
Батыс Қазақстан облысы
Шаруа электронды бақташы жүйесін қолданады
23 Қазан
2018
Батыс Қазақстан облысы
«Бастау» – отбасылық бизнес бастауға негіз
31 Шілде
2018
Батыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер