«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев нарықтағы квазимемлекеттік компаниялардың үлесін кем дегенде екі есеге қысқартуды ұсынды

2018 жылғы 15 Қараша
5486 просмотров

Мемлекеттік органдардың сансыз көп жаңа кәсіпорындар мен мемлекеттік компанияларды құруынан, бәсекелестікті дамыту көбінесе назардан тыс қалып отыр.

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты бизнесті қорғау жөніндегі III форумда мәлімдеді.

«Бүгін біз бизнесті қорғау жөніндегі III-ші форумды өткізіп отырмыз, бұл жақсы дәстүрге айналды. Прокуратурамен бірлескен күш-жігермен, біз бақылаушы органдардың қысымын айтарлықтай төмендетуге қол жеткіздік. Мемлекеттік органдардың бақылау функциялары, бизнеске қойылатын талаптар, тексеру мерзімдері қысқартылды», - деді Тимур Құлыбаев.

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жалғасуда, әкімшілік заңнама түбегейлі қайта қаралды, бизнестің пайдасына баптардың 80% - ы өзгертілді. Салық және кедендік даулар бойынша апелляциялық комиссия институты құрылды, шағымдардың саны да 3 есеге жуық қысқарды, ал сотқа дейінгі апелляция институты экологиялық және СЭС қоса алғанда, барлық бақылаушы салаларда енгізілетін болады.

Үкімет жүргізген барлық реформалардың нәтижесінде Қазақстан «Doing Business» рейтингісінде 8 позицияға, 36-дан 28-орынға көтерілді. Қазір Мәжілісте кәсіпкерлік қызметті жетілдіру бойынша түзетулердің жетінші топтамасы бар.

Табысты жетістіктерден басқа, Ұлттық палата басшысы мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқартуды, бәсекелестік пен меншік құқығын қорғауды, жер және қала құрылысы құжаттары бойынша қолжетімді ақпаратты жасауды кейінге қалдырмай шешу мәселелеріне тоқталды.

Әр түрлі бағалаулар бойынша экономикадағы мемлекеттің үлесі ЖІӨ-нің 50% - дан астамын құрайды. Көбінесе мемлекеттік кәсіпорындар экономиканың бәсекелестік салаларында ұсынылған: тасымалдау, логистика, сауда. Қазір мемлекеттік компаниялар үшін заң жүзінде 348 қызмет түрі рұқсат етілген, олар 44 салада жұмыс істейді.

«Мемлекет үлесін қысқарту бағытында жүргізіліп жатқан саясатқа қарамастан, мемлекеттік жаңа кәсіпорындар құру өсіп отыр, 2000 жылдан бастап мемлекеттік кәсіпорындар саны 23 723-тен 26 612-ге дейін артты. Мемлекеттік органдар өз қажеттіліктеріне жаңа кәсіпорындар мен мемлекеттік компаниялар құрады, бұл ретте бәсекелестікті дамыту мәселелері көбінесе назардан тыс қалып отыр. Ойын ережесін өзгерту керек – квазимемсектор қызметінің негізділігіне тексеру жүргізіп, оларды кем дегенде 2 есеге қысқарту керек», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

Төрт жыл бұрын мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орталықтан өңірлерге беру процесі басталды, оның шеңберінде мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері арасында функцияларды, өкілеттіктер мен жауапкершілікті оңтайлы бөлу көзделген болатын.

«Бүгінгі күні бұл бөлудің оң және теріс жақтары мен тиімділігі туралы кім айта алады? Біз Үкіметке бұл мәселені зерделеуді ұсынамыз. Бас прокуратурамен бірлесіп, біз осы тақырыпты жер инспекциялары мен МСҚБ мысалында қарастырамыз. 2014 жылы бұл салалардағы бақылау функциялары әкімдіктерге берілді. Нәтижесінде іске асыру да, бақылау да бір қолға түсті. Яғни, әкімдіктер өздері шешім шығарады және оларды өздері бақылайды, мүдделер қақтығысы ашық,айқын», - деді «Атамекен» басшысы.

 

«Атамекен» Төралқасының Төрағасы мемлекеттік бақылау саласын цифрлау қажеттігіне сенімді. «Тәуекел» субъектілерін іріктеудің нақты критерийлерінің болмауы мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсатына – жазатайым оқиғалардың, өрт, авариялардың және т. б. алдын алуға қиғаш келеді.

«Санэпидқадағалау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жоспарлы тексерудің ескі тәртібі сақталған. Қорытынды нәтиже лауазымды тұлғалардың араласуынсыз тексеру объектісін автоматты түрде таңдау арқылы бақылау жүйесін толық цифрландыру болуы тиіс», - деп есептейді Тимур Құлыбаев.

Бақылау функциялары төмендеген кезде өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздік деңгейі түспеуі тиіс.

«Біз бизнестің жауапкершілігін күшейтуде бірқатар шараларды әзірледік. Бұған біздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Хартиямыз бағытталған. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдардың институционалдық негізін күшейту қажет. Үш жақты диалогта – тұтынушы, мемлекет және бизнес-бізге салиқалы оппонент қажет. Ұлттық палатаның бастамасымен Астана қаласының әкімдігімен лифт шаруашылықтарымен жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде 1135 лифтке тексеру жүргізілді, ӨРЖ құрылды, қауіпсіздік стандарттары әзірленді және бекітілді. Мұндай жобаны Қазақстанның барлық аймақтарында тарату ұсынылады. Автобус тасымалын дамыту бөлігінде 2018-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарлама бекітілді. Оны жүзеге асыру 2020 жылға қарай  автобус паркінің үлесін 65% - дан арттыруға мүмкіндік береді», - деді Тимур Құлыбаев.

Форум соңында ҚР Бас прокуратурасы мен «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2019 жылға арналған ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі Жол картасына қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер