«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыс Қазақстан облысында 54 млн теңге көлемінде гранттар бөлінді

2018 жылғы 13 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
6086 просмотров

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында 250-ден астам адам қайтарымсыз қаражат алады.

Өскемен қаласының тұрғыны Аида Оразаеваның мамандығы психолог. Қазір ол экономист мамандығын игеруде. Бірнеше жыл мемлекеттік құрылымда жұмыс істеп көрген. Алайда, науқас баласының күтіміне байланысты жұмыстан кетуге мәжбүр болған.

 «Баламда көру қабілеті нашар, мүгедектігі бар, ол үнемі күтім мен емді қажет етеді. Сондықтан мен еркін жұмыс кестесі бар жұмысты таңдадым. Тырнақ күтімі, касметолог курстарын тәмамдадым. Кейін кірпік өсіруді де меңгеріп алдым. Сертификаттар алдым. Кірпік, тырнақ өсіру бастапқыда хоббиім болды. Құрбыларыма кірпік өсіріп, жаттықтым. Бұл өте күрделі жұмыс, бірақ маған ұнайды. Құрбыларым жеке кәсіпті ашуға кеңес берді. Көп ойландым. Қалай бастарымды, не істерімді білмедім», – деді Аида.

 Аидада идея болды, оны жүзеге асырса, ақша тауып, баласына да қажетті көңіл бөле алар еді. Жиналмалы кушетка сатып алып, клиенттерге барып кірпік өсіру бойынша қызмет көрсету – табысты бизнес. Қаланың қыз-келіншектеріне жүргізілген сауалнама нәтижесі аталған қызмет түрі жақсы сұраныста болатынын көрсетті.  Бірақ, кәсіп бастау үшін арнайы жабдық сатып алу керек. Мұндай қаражат жас анада болған жоқ. Осымен бәрі орындалмастай көрінді, содан кейін қыркүйек айында Аида «Бастау» жобасы туралы естіп, оқуға өтінім берді. Жоба «көзімді ашты» дейді Аида.

«Бір ай бойы оқып, көп нәрсені түсіндім, қаржылық сауатым артты. «Бастау» бойынша оқу маған көмектесті. Біріншіден, бухгалетрлік есеп, салықтық есеп жүргізуді үйрендім. Қанша пайда табатынымды ешқашан есептеп көрмеппін. Маған бухгалетрлік, салықтық есепті, кіріс пен шығысты қалай жүргізу керектігін көрсеткенде, мен өте жақсы қаражат табатынымды түсіндім», – деді Аида.

 Қазір Аида 240,5 мың теңге көлемінде қайтарымсыз қаржыландыруды алуға үміткерлердің бірі. Комиссия оның жобасын мақұлдады. Осы ақшаға Аида алып жүруге ыңғайлы жиналмалы кушетка,  жиналмалы шам, құралдарды сатып алмақ. Кейін бастауыш кәсіпкер өз бизнесін дамытпақ.  

 «Лэшмейкерліктен бөлек, менде оқыту бойынша сертификатым бар. Болашақта жеке кабинет ашып, қызмет көрсетуді жоспарлап отырмын. Осы кәсіпті қыздарыма да үйретемін», – деді сеніммен кәсіпкер. 

«Өтінім жасаған әр адамды қолдауға тырысамыз. Қызықты жобалар көп. Мәселен, шереден жасалған ойыншықтар, тапсырыс берушінің суретімен магниткалар шығару. Сонымен қатар шифонға киіз, күдеріні тігу бойныша тартымды жобалар болды. Осы жобаларға комиссия гранттарды мақұлдады», – деді ШҚО ӨКП Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Марина Мун.

Қазіргі таңда гранттық қаржыландыруға 224 жоба жіберілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер