«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық стандарттау: бизнестен ұсыныстар күтеді!

2018 жылғы 12 Қараша
3123 просмотров

23 қарашаға дейін кәсіпкерлер 2019 жылға ұлттық стандарттарды әзірлеуге арналған ұсыныс-өтінім бере алады. 

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Техникалық реттеу және метрология Комитеті мен кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен стандарттау мәселелерін кезекті талқылау өтті. Бұл жолы 2019 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарының жобасы талқыланды.

Бүгінде мемлекет стандарттауды дамытуға ерекше назар аударып отыр, жыл сайын 1 000 стандарт әзірлеуге бюджет қаражаты бөлінеді.

Стандарттау- отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен ілгерілетудің негізгі құралдарының бірі.

Сатып алу саласындағы заңнамаға түзетулер қабылданғаннан кейін ұлттық стандарттардың рөлі одан әрі өсті. Мемлекеттік сатып алуға мемлекетаралық стандарттарды пайдаланатын ҚР СТ болмаған жағдайда, сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндіру кезінде ұлттық стандарттарды пайдаланатын кәсіпорындар жіберіледі.

Кеңес барысында стандарттау жоспарына енгізу үшін келіп түскен ұсыныс-өтінімдерге талдау жасалып, қайталану, түпнұсқаның болмауы және жеткілікті негіздеменің болмауы сияқты өтінімдерді қабылдамаудың негізгі себептері айтылды.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастырудағы басты тәсілдер мен басым бағыттарды түсіндірді.

Бизнестің қызығушылығын ескере отырып, мемлекеттік стандарттау жоспарын бекіту мерзімін осы жылдың қараша айының соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Ұлттық палата отандық өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы ұлттық стандарттардың маңызды рөлін түсіне отырып, бизнесті кезекті рет ұлттық стандарттарды әзірлеуді талап ететін салаларды анықтауға және 2019 жылға арналған тиісті ұсыныстар-өтінімдерді 23 қарашаға дейін беруге шақырады.

Бизнес-қоғамдастықты осынау маңызды шарадан шет қалмай, 2019 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыруда белсенділік танытуын сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер