Қарағанды облысындағы кәсіпорындарда еңбекақы өседі
Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жүзеге асыру мәселесі Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысында қаралды
Өңірлік кеңестің төрағасы Болатбек Байменов жиынды ашып, қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын көтеру барлық кәсіпорындардың басшылары алдында тұрған міндет деп атап өтті.
«Өз тарапымыздан Президент Жолдауын қолдау қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеруге серпін береді. Өңірдегі ірі кәсіпорындардың басшылығы және бизнес-қоғамдастықты шоғырландырып отырған Өңірлік кеңес ретінде үлгі болуымыз керек», – деді Болатбек Байменов.
Бұл бастаманы бірінші болып «PROLUX KZ LTD» ЖШС құрылтайшысы Николай АБТ қолдады. Өңірлік кеңестің мүшесі жыл басынан қызметкерлерінің еңбекақысын 70%-ға көтерген.
«Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдап, еңбекақыны тағы көтеру керектігін түсіндік. Біз жыл сайын құнсызданудың деңгейінде еңбекақыны көтеріп оытрамыз. Биыл еңбекақыны жартысынан көбірек етіп көбейттік», – деді «ProIux LTD» компаниясының атқарушы директоры Николай Абт.
Іс-шараға қатысқан компаниялардың жетекшілері кәсіпорындарда еңбекақыны көтеріледі деп сендірді.
«Қызметкерлердің еңбекақысын жыл сайын көтереміз. Жолдау аясында еңбекақыны 10%-ға көтеруді жоспарлап жатырмыз», – деді «Орбита» авто орталығының иесі Сапар Ибкеев.
Бұл ұсынысты Қарағанды қаласы кәсіпкерлерімен қоса облыс кәсіпкерлері де қолдап отыр. Мәселен, өңірлік кеңестің мүшесі, жезқазғандық «Ремстрой» құрылыс компаниясының жетекшісі Николай Распопов та еңбекақыны 10%-ға көтермек. Ал Осакаров ауданының «Транзит» ЖШС және «Еуразия» шаруа қожалығының директоры Сергей Естифеев есептеулер қорытындысы бойынша еңбекақыны 33%-ға көтеруді жоспарлап отыр.
Аудандық кеңестер мүшелері де шетте қалмады. Шет ауданынадғы «Nova-Цинк» ЖШС директоры Сүйіндік Асан Президенттің бұл бастамасын толық қолдайтынын айтты.
«Қызметкерлердің еңбекақысын жыл сайын көтереміз. Мұндай шара қызметкерлерге жақсы табыс табуға жол ашады, тағайындалған еңбекақы көлемі орташа статистикалық еңбекақы алдында бәсекеге қабілетті. Штатта шамамен 1000 адам. Жолдау аясында 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай еңбекақыны 10%-ға жоғарылатамыз», – деп мәлімдеді Сүйіндік Ержанұлы.
Қарағанды өңірінің бизнес қоғамдастығы өкілдері Мемлекет басшысы кәсіпкерлік дамуына баса назар аударғаны туралы айтты, осы қолдауға бизнес те жауап беру керек. Кәсіпкерлер сервисті жоғарылатып, өндіріске инновацияларды енгізіп, жұмысшыларға жағдай жасау керек деп санайды бизнесмендер.
Жиын қорытындысы бойынша Қарағанды облысы ӨКП Өңірлік кеңес бизнесмендерді Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, қызметкерлерге еңбекақыны көтеруге шақырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: