«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Темір жол даулары. Экспедиторлық бизнестің дамуына не кедергі?

2018 жылғы 11 Қараша
3086 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының логистика және тасымалдау комитетінің теміржол көлігі жөніндегі кіші комитетінің кезекті отырысында көлік-экспедиторлық саланың мәселелері талқыланды.

Кіші комитеттің отырысы шеңберінде кейінгі жылдары бизнес-қоғамдастық уәкілетті органдармен бірлесіп көтеріп келе жатқан кедендік рәсімдер, инвестициялар және тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы саласындағы түйткілді тақырыптар қайтадан қарастырылды.

«Осы уақытқа дейін Қазақстан аумағында ұсталған құйма жүктерді сақтауға жағдай жасау, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен басқа да нарық субъектілерінің шығындарын өтеу механизмін әзірлеудің шешімі қабылданған жоқ, кедендік рәсімдерді орындау үшін әр түрлі жұмыстар жүзеге асады, ҚР мен ЕАЭО заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ, алдағы 20-30 жылдарға жүк вагондары паркінің қажеттілігі бойынша осы нарыққа инвестиция тарту үшін, жүк тасымалдауды ұйымдастыру бойынша тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы келісім шартты жасақтау жүріп жатыр,-деді Кіші комитет төрағасы  Илья Сегал.

«Біздің министрліктің құзыретінен тыс мәселелер бар, бірақ біз оларды пысықтап жатырмыз - деп түсіндірді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі теміржол көлігі басқармасының басшысы Данияр Қоспабаев. - Типтік шарттарды құқықтық бағалауға келетін болсақ, қазіргі уақытта оны министрлікте қарастыра алмаймыз, бұған құзырет жоқ».

«Атамекен» көлік саласындағы уәкілетті органнан «Қазақстан темір жолы» ҰК « АҚ мен экспедиторлар арасындағы үлгі шарт жобасы бойынша 5 келіспеушілікке құқықтық емес, салалық баға беруді сұрады. «Бұл сіздің қолыңызда», - деп атап өтті ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Рустан Дженалинов.

 

Бұдан басқа, 2018 жылғы 5 маусымдағы көлік саясаты мәселелері бойынша ҚР ИДМ және «Атамекен» ҚР ҰКП жұмыс тобы отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес, депутаттық бастамашылық бойынша уәкілетті орган - ҚР ИДМ темір жол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы үлгі шарттарды бекітуге құзыреттілік беру туралы норма -«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына қорытынды дайындау үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмысшы тобымен бірлесіп қарастырып жатыр.

«Монополияға қарсы орган типтік шарт шаруашылық жүргізуші субъектілердің келісімі саналатынына сілтеме жасай отырып, құқықтық баға бере алмайды. Ал шығындарды тек экспедиторлық бизнес қана көтереді», - деді Илья Сегал.

Өз кезегінде Данияр Коспабаев:

«ҚР ИДМ талдау жұмыстары жүргізілуде, алдағы 5-10 жылға жүк вагондарына қажеттілік есебі дайындалды және жақын арада біз оны бизнеске береміз», деді.

Кіші Комитет төрағасының айтуынша, бір вагонның қызмет мерзімі 30 жылға дейін және инвесторлар қаржы салу тәуекеліне баруы қиын.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар жаңа жеке тасымалдаушылардың пайда болуын ескере отырып, темір жол тасымалы нарығындағы тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы мен салауатты бәсекелестік құру мәселелерін талқылады.

Кіші комитеттің төрағасы ағымдағы жылы іске асырылған мәселелерге тоқталды. Осылайша, ҚР кеден органдарының ұлттық темір жол компаниясымен, ҚР темір жол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен темір жол көлігімен тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау жүргізу кезінде өзара іс-қимыл ережесі, ЕАЭО кедендік аумағына әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібі, темір жол вагондарын сатып алу кезінде импортталатын тауарлар тізімінде позицияны сақтау бекітілді.

Кіші комитет отырысының қорытындысында Илья Сегал қатысушыларға алғысын білдіріп, жыл соңына дейін 2019 жылға теміржол көлігі жөніндегі Кіші комитеттің жол картасын қалыптастыру және бекіту жоспарланғанын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер