«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер әйелдер кеңесі аудандағы кәсіпкер әйелдермен кездесу ұйымдастырады

2018 жылғы 09 Қараша
- Қостанай облысы
7159 просмотров

Бірінші сапар 9 қарашаға белгіленген. Қостанай облысының Іскер әйелдер кеңесі Денисов ауданына барып, кәсіпкер әйелдерге, кәсіп бастағысы келетін қыз-келіншектерге жеңілдікпен несиелеу бағдарламалар жайында және бизнес жүргізудің  басқа да жолдарын айтады.

«Сапардың мақсаты – аудандарда әйел кәсіпкерлігін дамыту. Ауыл-аймақта кәсіп ашқысы келетін, алайда қалай бастауды біле бермейтін қыз-келіншектер көп. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге кәсіпті кеңейтуге жол ашатын жаңа бағдарламалар жайында ақпарат беруді көздеп отырмыз», – деді Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Булатова.

Сапардың бағдарламасында –  «Даму» қорының 6% жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын  түсіндіру, сонымен қатар «Тауар мен қызмет көрсетуді нарықта қалай өткізу керек?» тақырыбында дәріс оқылады. Екінші сұрақ бойынша қостанайлық жас кәсіпкер Самира Тілеу сөз сөйлейді. Самира Қазақстан үшін бірегей vovago.kz сайтының авторы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер