«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Ұлы Дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын иелену бойынша онлайн дауыс беру басталды

2018 жылғы 07 Қараша
3733 просмотров

Дауыс беру 7 қарашадан басталды

Байқаудың бұл кезеңінде республиканың әр тұрғыны ulydalaeli.kz сайты арқылы үздік отандық экспорттаушы кәсіпорынға дауыс бере алады.

Жалпыұлттық дауыс беруге 18 қатысушы компания ішінен 6 үздік компания іріктелген:  

  • «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы;
  • «Иркалинова, «Ваниль» кондитерлігі» ЖК, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы;
  • «ASTANA Ютария ltd» өндірістік-инновациялық компания» ЖШС, Астана қаласы;
  • «МИЛХ» ЖШС, Қостанай облысы, Қостанай қаласы;
  • «КНАУФ ГИПС ҚАПШАҒАЙ» ДЭГ қатысуымен кәсіпорны» ЖШС, Алматы облысы, Қапшағай қаласы;
  • «Химфарм» АҚ, Шымкент қаласы.

 Онлайн-дауыс беру 17 қарашаға дейін жалғасады.

Байқау нәтижесін жариялау мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 11 желтоқсанда «Алтын Сапа» байқауы аясында өтеді.

Анықтама үшін:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жария етілген «Ұлы Дала елі» тұжырымдамасы бизнес-қоғамдастық тарапынан қызу қолдау тапты. Осыған байланысты «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы Дала елі» ортақ брендін пайдалануға құқық беру байқауын үш жыл қатарынан өткізіп келеді. Байқауға отандық тауарларды (қызметтерді) өндіру және/немесе қызмет көрсету және экспорттаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатысады.  

2017 жылы интернет-дауыс беру нәтижесі бойынша «Қазфосфат» ЖШС, «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС, «MKS Logistics» ЖШС компаниялары жеңіске жетті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер