«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік Кеңесі Президенттің бастамасын қолдайды

2018 жылғы 06 Қараша
- Жамбыл облысы
6659 просмотров

Бүгін кезекті отырыста облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке және Өңірлік кеңестің төрағасы Мұқаш Ескендіровтың Төрағалығымен Президент «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы мәселе қаралды. 

Аймақтың бизнес-қоғамдастығының өкілдері Президентке кәсіпкерлік саласында көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдіріп, бизнес мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлыққа жауапкершілікпен қарау керектігін атап өтті. Кәсіпкерлер сервисті арттырып, инновацияны енгізіп, өз жұмысшыларына жағдай жасау керек деп санайды Кеңес мүшелері.

Мәселен, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік Кеңесінің Төрағасы, «Қазфосфат» ЖШС Бас директоры Мұқаш Ескендіров компаниядағы өз қызметкерлерінің еңбек ақысының мөлшерін арттыру ниеті туралы мәлімдеді.

«Мысалы, ең төменгі жалақы бір жарым есе, 42 мың теңгеге дейін артады. Бұл жақсару көптеген қазақстандықтарға қатысты болады. Біздің компания қызметкерлер жоқ алған еді ең төменгі жалақы. Мемлекеттің көмегі бар,мысалы, салықтық рақымшылық бизнесті қолдайды. Жұмысшылардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру керек. Бұл міндет, менің ойымша, кәсіпорындардың барлық басшылары алдында тұруы керек», - деді Мұқаш Ескендіров.

Айта кетейік, кәсіпорын 1999 жылдан бастап жұмыс істейді, оның негізгі қызметі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, фосфорит кенін өндіру және қайта өңдеу, сары фосфор мен оның туындыларын, фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттарды өндіру және сату, минералды шикізат негізінде өнеркәсіп өнімдерін шығару болып табылады. «Қазфосфат» ЖШС-нің орташа еңбекақысы 126 мың теңгені құрайды. Зауытта барлығы 6 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

            «Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде жүзеге асырылып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты - халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру. Жолдаудың негізгі тақырыптарының бірі - Бизнеске салықтық рақымшылық жасау қажеттілігі туралы тапсырма. Бүгінгі таңда облыста 56 миллионға жуық өсімпұл мен айыппұлдары бар 3 936 салық төлеушінің берешегі бар. Негізгі қарызды өтеу арқылы бизнес өз жұмысын жаңа парақтан бастай алады. Біздің алдымызда Мемлекет Басшысы қойған ауқымды міндеттер тұр, және мен жұмыстың дұрыс бағытта келе жатқандығын және тұралап қалмайтынына сенімдімін және біз бизнеспен бірлесіп жемісті жұмыс істейтін боламыз», - деп атап өтті өз баяндамасында Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек.

Облыс әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов өз сөзінде Президент бастамаларына қолдау білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған бағыттағы жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру үшін облыстық штаб, аудандар мен Тараз қаласында жұмыс топтары құрылды.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, Жамбыл облысында 250-ден астам қызметкері бар 95 кәсіпорында 27 264 адамның жалақысы 50 мың теңгеге дейін құрайды, ал 250-ге дейін қызметкері бар 1847 кәсіпорын мен мекемелерде 16 740 адам 42500 теңгеден төмен жалақы алады.  Облыстың бірқатар кәсіпорындары Мемлекет басшысының жұмысшылардың жалақысын арттыру жөніндегі бастамасын қолдап, 2018 жылдың 5 қарашасындағы мәліметке сәйкес, облыста 18 кәсіпорында 8860 қызметкердің еңбекақысын көтеру жоспарланып отыр», - деді Серғали Айдапкелов.           
            Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы «Әулие-Ата Халықаралық Әуежайы» АҚ өкілі Жомарт Отыншиев да мәлімдеді.

«Тәуелсіздік жылдарынан бері экономикасы қарқынды дамыған заманауи прогрессивті мемлекет құру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мемлекет экономиканың өркендеуінің негізін құрайтын шағын және орта бизнесті дамыту үшін көптеген жағдай жасады. Осының арқасында халықтың табысы артты, адамдар лайықты жалақы ала бастады немесе өз ісін ашуға және дамытуға мүмкіндіктер пайда болды. Біздің кәсіпорын да шетте қалмады және Тараз қаласы әуежайы қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосуда. Сонымен, 2017-2018 жылдар аралығында кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін жалақы орташа есеппен 60%-ға артты, бұл кәсіпорын қызметкерлеріне лайықты жалақы алуға мүмкіндік берді, ол облыс бойынша орташа айлық еңбекақымен бәсекеге қабілетті болды. Бұл ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 42 мың теңгені құрайтын болады», - деді Жомарт Отыншиев. 

Шағын және орта бизнес өкілдері атынан сөйлеген Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова өз сөзінде  Президент бастамаларына қолдау білдірді. Оның айтуынша, әйелдер бизнес-қауымдастығы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын арттыруға және адами капиталды дамытуға қаражат салуға ерекше көңіл бөледі.

Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Дәмді Себет» ЖШС жалақы көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Азық-түлік дүкендері желісінің директоры Алмаз Тультаев өз мекемесінде ең төменгі жалақы 47 мың теңгені құрайтынын айтты. Өндірісте барлығы 400-ге жуық адам жұмыс істейді.

     Басқосу соңында Өңірлік кеңес мүшелері облыстағы барлық кәсіпкер әріптестерін Мемлекет басшысының бастамасын қолдауға және өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға ат салысуға шақырды.                

           


Еншілес ұйымдар

Серіктестер