«Doing business»- рейтинг қана емес: Кәсіпкерлер жұмыс жағдайын жақсартуға мүдделі
Қазақстан дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі позициясын жақсартуға ниетті
«Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы» Заңға түзетулердің алтыншы топтамасыпакеті кәсіпкерлердің жүйелі проблемаларын шешуге және бизнеске қысым көрсетуді азайтуға бағытталған, деп хабарлады Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасы Үкімет отырысында.
Заң бизнесті қайта реттеуге, шығындарды жаппай төмендетуге, бәсекелестік кедергілерін жою бөлігінде заңнаманы тексеруге, «өзін-өзі реттеу» институтын дамытуға бағытталған көптеген түзетулерден тұрады. Жалпы, бұл өзгерістер Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позициясын жақсартуға бағытталған.
«Кәсіпкерлер «Doing Business» - рейтинг қана емес екенін түсінеді», - деді Абылай Мырзахметов. - Іскерлік орта жұмыс жағдайын жетілдіру қажеттігіне қызығушылық танытады. Жыл басынан бері Ұлттық палатаға бизнестен несие мен несие алу шарттарын жақсарту, бизнес пен монополистер және банктер арасындағы қарым-қатынасқа қатысты 4 мың ұсыныс келіп түсті».
Абылай Мырзахметов осыдан 5 жыл бұрын кәсіпкерлердің ұсыныстарының 20% кедендік сала, салық және шенеуніктер тарапынан болған кедергілерге бағытталғанын атап өтті.
«Ұлттық палатаның Заң жобасына енгізілген түзетулердің алтыншы топтамасын әзірлеу кезеңінде бизнес ортадан келіп түскен 500 - ден астам түзету мақұлданды», - деді Абылай Мырзахметов.
Спикер Ұлттық палата кәсіпкерлердің түйіткілді мәселелерінің тізілімін жүргізетінін еске салды. Бүгінгі таңда оған 600 жүйелік мәселе енгізіліп, оның 100-і шешілді, 32-і қазір қарау сатысында.
Қазіргі уақытта «Атамекен» бизнес-ортаны дамытуға және сауда қызметін жетілдіруге бағытталған заңнамаға түзетулердің жетінші топтамасын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
«Жетістіктер жоғары, бірақ біз қол жеткізген табыстармен тоқтап қалмауымыз керек. Биылғы жылы мемлекет басшысы әртүрлі заңдарға мыңнан астам түзету енгізу бойынша қол қойды. Бизнесті тұрақты дамыту үшін қолайлы жағдайларды жақсарту және жасау қажет. Жыл соңына дейін бизнес ортаны жақсарту бойынша заңнамалық түзетулер топтамасын Парламент қарайды, деп үміттенеміз. Біздің индикаторларымыз жақсы болады. Ол үшін Ұлттық экономика министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін заң жобаларының Парламентте өтуін қамтамасыз ету қажет», - деп түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: