Жобаланған объектілердің қымбаттауына қандай факторлар әсер етеді?
Отандық тауар өндірушілерді қолдау және отандық тауарларды алға жылжыту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында жобаланған нысандардың құн айырмашылығы туралы мәселелер талқыланды
Белгілі болғандай, жобалау жұмыстары құрылыс басталмай тұрып жасалады және құрылыс толық аяқталғанға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында объектінің соңғы құнына әсер ететін шарттар үнемі өзгеріп тұрады. Жобаланған объектілері құны айырмасына қандай факторлар әсер ететінін жұмыс тобының мүшелері анықтады.
Бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақмола облысында 45-пәтерлі тұрғын үйлердің 21 жобасы әзірленген. Целиноград ауданы Ақмол мен Қосшы ауылдарында – 3 жоба, Атбасар қаласында – 14 жоба, Макинск қаласында – 2 жоба, Шучинск қаласында – 1 жоба, Есіл қаласында – 1 жоба.
Қолдағы ақпаратқа сәйкес бұл объектілердің құрылыс бағалық параметрлерінің айырмашылығы бар. Атап айтқанда, облысымыздың аудан кескінінде құрылыс және/немесе жалданбалы тұрғын үйді алу 1 шаршы метрі Целиноград ауданында 180 мыңнан 190 мың теңгеге дейінгі аралықта. Атбасар, Бұланды және Есіл ауданында – 123 мыңнан 148 мың теңгеге дейін аралықта. Әлеуметтік нысандарды салу кезінде де тура осындай жағдай.
Осы ретте құрылыс материалдары мен конструкциялар Астана мен Теміртау қалалары, сонымен қатар Целиноград ауданынан сатып алынады. Мәселен, шатыр материалдарын елордалық «Кровельный центр» ЖШС, «Металл профиль» ЖШС және басқа да компаниялар шығарады. Темірбетон бұйымдары мен конструкциялар да Астанада жасалады.
Жобалаушылардың айтуынша, барлық материалдар бойынша 90% жергілікті қамту болғанда үлгілік объектілер құнының өсуіне көптеген факторлар әсер етеді. Нысандардың орналасу жері, аудан орталықтардан алшақтығы және коммуникацияларды тарту, топырақтың физикалық және механикалық құнары және басқа да жайттар.
Осы ретте құрылыс объектісінің соңғы құны тұрғын үй ғимараттарын жобалау-сметалық құжаттама бойынша жан-жақты, жеке сараптаманың оң қорытындысы негізінде анықталады. Тұрғын үй құрылыстың құнынан асып кеткен шығынды жергілікті бюджет өтейді.
Жиын барысында жұмыс тобының мүшелері ескірген үйлерді бұзып, орнына жаңа нысандарды тұрғызуды ұсынды. Сонымен қатар құрылысты жүргізуге аса жауапкершілікпен кірісу кажеттілігі айтылды. Объектілер құнының өзгеруін болжау, сметалық құжаттаманы әзірлеуде құрылыс жұмыстары сапасын бақылау аса жауапты жұмыстар.
Жалпы мемлекеттік сатып алулар жөніндегі облыстық басқарма өкілдерінің ақпараты бойынша 2018 жылдың 9 айында Ақмола облысында жалпы сомасы 133,7 млрд теңгені құрайтын 230 мыңнан астам тауар, жұмыс қызметтің сатып алуы жүргізілді. Оның ішінде 1200-і – 70 млрд теңге көлеміндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары (52%). Осы кезеңде өңірде жалпы сомасы 56,4 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алулар туралы 63 309 келісімшарт жүзеге асқан. Оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі – 33,7 млрд теңге немесе 59,8%-ды құрады.
ӨКП директорының орынбасары Шыңғыс Теміровтың айтуынша, жергілікті қамтудың мемлекеттік сатып алулар порталындағы қалыптасқан үлесі айтарлықтай төмен, өйткені кейбір жеткізушілер жергілікті қамту туралы есептерді дұрыс толтырмайды. Айта кетелік, Палата осындай есептерді дұрыс толтыру бойынша көмек көрсетеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: