«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Кемел Болашақ» талантты жастарды қолдау қоры құрылды

2018 жылғы 02 Қараша
- Шымкент қаласы
14311 просмотров

Шымкентте бизнесмендер «Кемел Болашақ» талантты жастарды қолдау қорын құрды.

Қор сапалы білім алуға мүмкіндігі жоқ талантты жастарды қолдау, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында ашылды.

Мұндай қорды ашу идеясы «Телеком Трейд» ЖШС Бас директоры, Шымкент қаласы Өңірлік кеңесінің мүшесі Нұржан Мамытовқа тиесілі. Танымал бизнесмен бүгінгінің жастары салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы білім, еңбекқорлық, инновацияға жақын және Отанға жемісті қызмет көрсетуді таңдаған ұрпақ болу керек деп есептейді. Кәсіпкердің бұл идеясын Шымкент пен Түркістан облысының ондаған ірі бизнесмені, оның ішінде Өңірлік кеңестің мүшелері қолдады.

«Өзінің бағдарламалы мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев білімді әрі талантты жастарға ерекше мән береді. Елбасы дарынды жастарды анықтау, көшбасшылық әлеуетін дамыту, олардың үздіксіз білім мен мансаптарын қолдау бойынша тапсырма қойды. Біз дәл осындай жастарды, әсіресе әлеуметтік қорғалмаған жастарды қолдағымыз келеді», – деді Нұржан Мамытов қордың ашылу салтанатында.

 Қор төрт негізгі бағытта инвестициялайды: талантты студенттер мен олардың тәлімгерлеріне бағытталған шәкіртақылық және грант бағдарламалары, «Болашақ мұғалім» бағдарламасы (педегогикалық мамандықтарды оқып жатқан студенттерді қолдау) және жұмыспен қамту.

  Қор Қазақстан дамуына басымдыққа ие деп санайтын: педагогика, инженерия, агрономия, медицина, психология, әлеуметтану, туризм, өнер, тамақ саласы, спорт салаларында оқитын студенттерді де қолдауды ұсынады.

Қорды ұйымдастырушылардың айтуынша, демеушілік көмекті алуға үміткерлерді іріктеу барынша ашық әрі объективті жүргізілетін болады. Ал  жүзеге асырмақ жобалар демеушілік қаражатты тиімді пайдалану үшін егжей-тегжейлі әзірленетін болады.

 Атқарылған көмек туралы барлық ақпарат kemelbolashaq.kz сайтында жарияланатын болады. Сайтқа өтінімдерді демеушілік жасағасы келетін бизнесмендер,  суденттер, көмекке зәру адамдар бере алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер