«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жас кәсіпкер қызметкерлердің еңбекақысын 30%-ға өсірді

2018 жылғы 02 Қараша
- Павлодар облысы
8578 просмотров

Павлодар кәсіпкерлері  Мемлекет басшысының еңбекақыны жоғарылату мен халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша үндеуін қолдады

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Павлодар ауданындағы филалы директоры Әнуар Қалышбековтың атуынша өңірде бұл үндеуді бірінші болып «Жаңа Қала» шаруа қожалығы» ЖШС директоры 24 жасар Ардақ Қажат қолдады. Өңірдегі ең жас кәсіпкер қызметкерлерінің еңбекақысын бірден 30%-ға көтерді.

Бұдан басқа кәсіпкер қызметкерлердің міндетті салықтық төлемдерінің барлығын өз мойнына алды, бұл зейнетақылық төлемдер, әлеуметтік табыс салығы мен медициналық сақтандыру төлемдері. Жұмысшылар таза еңбекақыны ешбір ұстап қалусыз алады. Павлодар облысы Жаңа қала ауылының тұрғандар саны 669 адам. Мұнда жұмыссыздар саны аз.

 Сандуғаш Бісмилдинова – мал дәрігері. Жуырда оның жұмыс орны толығымен автоматтандырылды, ал енді еңбекақы да бірден 30%-ға өсті. Мал шаруашылығында жұмыс істейтін барлық қызметкерлердің еңбекақысы өскен.

«Көңіл-күйіміз тамаша, өйткені шаруашылық басшылығы бірінші болып Елбасы бастамасын қолдады, еңбекақы жоғарылады, мұнда жұмыс іздеп келушілер көп», – деді Сандуғаш Бісмилдинова.

Шаруа қожалығының басшысы Ардақ Қажат жоғары еңбекақыны малшылар, сауыншылар, механизаторлар, ветеринарлар мен қосалқы жұмысшылардың барлығы алады деп айтты. Қызметкерлер саны 100-ге жуық адам.

 «Ауылдастарымызға шама келсе қарайласу керек. Егер тұрғындардың жағдайы жақсы болса, ауылда тұруға деген құлшыныс болады. Ауыл шаруашылығы болмаса қала қайтып күн көреді? Бізге жұмыс қолдары керек, ол үшін біз барлық коммуникациялары қамтылған үй салып, еңбекақыны уақытында төлеп отырмыз», – деді кәсіпкер.

 Шаруа қожалығы биыл 20 жылдығын атап өтпек, мұнда 1,5 мың бас ірі қара өсіріліп жатыр. Оның ішінде 600 бас – сауын сиыр. Шаруалар күнделікті 8 мың литр сүтті өңдеуге жібереді. Шаруа қожалығының бастығы Ардақ Қажат – Павлодардың Ертіс жағалауындағы ең жас кәсіпкер. Ол елордағы жоғары оқу орындардың бірін тәмамдады, кейін әкесі мен бауырларына көмектесу үшін ауылға қайтып келді. Енді отбасылық бизнесті басқарады.

 Шаруа қожалығы жас мамандарға арнап үш жаңа көппәтерлі үй салды. Қазіргі таңда мал шаруашылығы кешеніне кәсіби мал дәрігерлері, агрономдар, комбайнерлар, жем-шөп цехының операторлары мен басқа да мамандар қажет.   


  
  «Ауыл шаруашылығы – бұл ауыл дамуына үлес қосатын игі іс. Мұнда өз наныңды өз қолыңмен табасың. Бұл ауыр кәсіп түрі, дегенмен өрістегі мал, ойнақтаған қозы-лақтар, жайқалған егістік пен таза ауа құлшыныс сыйлайды. Туған жер, жеке кәсібің, жеке шаруашылығың барлығы жігер береді», – деді шаруа қожалығының басшысы.

 Әнуар Қалышбековтың атуынша «Жаңа Қала» шаруа қожалығы» ЖШС өңірде жетекші қожалықтардың бірі. Мұнда өндіріске жаңа технологиялар енгізілуде, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілікке бас аназар аударылған.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер