«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Несиелеу серіктестеріне қатысты мәселе шешілген жоқ

2018 жылғы 01 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
5179 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында өңірдің проблемалық несиелеу серіктестіктерінің қатысушыларымен «Атамекен» ҚР ҰКП Құқықтық қорғау департаменті директорының орынбасары Қайрат Тоқсанбаев кездесті.

Кездесуге Зырян, Зайсан, Глубокое, Ұлан, Қатон-Қарағай және Көкпекті аудандарынан ондаған несие алушылар келді. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020»  мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алған несиелеу серіктестіктердің қатысушылары екі жыл қатарынан өзге адамдардың қарыздарынан құтқару бойынша көмек сұрап келді.

 Шағын несиесін талапқа сай төлеп қойғандарды мүлде төлемеген адамдар  жіпсіз байлап отыр. Олардың мүлкіне, тіпті еңбекақы мен зейнетақыларына тыйым салынған.

 «Зырянов ауданы Серебрянск ауылында шағын бизнес ашу мақсатында 3 млн теңге алғам. Несиені уақытында төлеп отырдым. 25 адамнан 5 адам ғана төлемдерді уақытында өтеген. Қалғандары қарыздарын әлі төлемей келеді. Бизнес тоқтап қалды, жұмысқа тұрып едім, еңбекақы карточкамды бұғаттап тастады. Бірнеше ай бойы еңбекақымды ала алмай отырмын. Не істерімді білмеймін», – деді «Бірлік-Зырян» несиелеу серіктестігінің қатысушысы Әсия Ахметова.

Қазір Әсия үш кішкентай баламен ата-анасының қамқорлығында, ал күйеуі ажырасуға арыз берді.

 «Мойныма 27 млн теңге іліп қойды. Сонда мен бұл қаражатты өмір бойынша төлеуім керек пе? Менімен бірге несие алғандар мүлікті тез басқа біреудің атына жазып, ештеңеден қорықпай отыр. Ал бізде барлығы шектелген, мүлікке тыйым салынды, ешқайда шыға алмаймыз, құқықтарымыз бұзылып отыр», – деп айтты «Бірлік-Зырян» несиелеу серіктестігінің қатысушысы Екатерина Тулевканова.

Зайсандағы «Ұшқын 2030» несиелеу серіктестігінің өкілдері өздерінің қарыздары туралы тіпті төрт жылдан кейін ғана естіген. Олардың айтуынша олар екі жыл ішінде 2013 жылдан бастап серіктестікке  208 млн теңге қайтарған. Нәтиіжесінде «Етіс» ӘКК-ке небәрі 105 млн теңге аударылғаны анықталды.  

 «Қазір қарызымыз 2013 жыл үшін – 96 млн, 2014 жыл үшін –135 млн тенге болып кеткен. 4 жылдан соң ӘКК бізге өтеуге мүмкін емес қарыз іліп отыр. Бұл туралы бізге неге ертерек хабарламаған?», – деді қатысушылар.

   

 Көкпекті ауданында тіпті түсініксіз жағдай орын алған. «Тобыл Несие» несиелеу серіктестігінің төрағасы қатысушылардың бір бөлігінің кепілдіктері ӘКК өзінде жоғалтқан. Және талап арыздар 119 қатысушыдың орнына 56 қатысушыға жалпы сомасы 161 млн теңге салынып отыр.

 Несиелеу серіктестіктер қатысушыларының айтуынша, оларда талап біреу: несиелеу серіктестігінен адал төлеп отырғандарды шығару, яғни әр қарыз алушы өзінің қарызы бойынша жеке жауап береді. Содан кейін төлемей отырғандарды жауапқа тарту керек. Айта кетелік, бұл мәселелер Өңірлік деңгейде, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында  бірнеше рет көтерілген.

 «Біз адал төлеушілерге осындай түйткілден шығуға көмектескіміз келеді.  Бұл сұрақ «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде талқыланды. Сонымен қатар ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік мәселелер реестіріне қойылған. Мәселені тиісті органдарға жеткізіп, бірге шешудің жолдарын қарастырамыз», – деді «Атамекен» ҰКП Құқықтқы қорғау департаментінің директоры Қайрат Тоқсанбаев.

 Айта кетелік, несиелер мемлекеттік бағдарлама бойынша 2011-2016 жылдар аралығында «Ертіс ӘКК» АҚ арқылы  берілген. Мемлекеттік бағдарламаны жергілікті әкімдіктер жүзеге асырған.

 Бес жыл ішінде «Ертік» ӘКК» АҚ жалпы сомасы 13 млрд теңге несие бөлген. Қазіргі таңда несиелеу серіктестіктің ӘКК алдындағы жалпы қарызы 5 млрд теңге.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер