«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Doing business: Қазақстан 36-шы орыннан 28-ші орынға көтерілді

2018 жылғы 01 Қараша
4745 просмотров

Биылғы жылы Дүниежүзілік Банктегі рейтингке тұңғыш рет Үкімет мүшелерімен қатар «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы қатысты.

Doing Business рейтингі 10 тақырып бойынша жиынтық көрсеткіштерді өлшеу әдісімен жасалады, олардың әрқайсысы бірнеше индикаторлардан тұрады және жеке алынған елдің жалпы рейтингіне тең әсер етеді.

Құжатқа сәйкес, «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан бірінші орынды, «Келісімшарттарды орындауды қамтамасыз ету» индикаторы бойынша - 4 орынды, «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша - 35 орынды, «Кәсіпорындарды тіркеу» индикаторы бойынша - 36 орынды иеленді. 

Бір жыл бұрын Қазақстан Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің ыңғайлылығы бойынша 36-шы орында тұрған.

Дүниежүзілік Банкте Doing Business (Вашингтон қ.) мәселелері бойынша өткен кездесуге, Қазақстаннан ҚР ұлттық экономика вице-министрі Серік Жумангарин бастаған жұмысшы тобы барды.
Жұмыс тобының құрамына «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов кірді.

Қазақстандық делегация кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелеріне негізделген заң шеңберінде жүзеге асырылатын Қазақстандағы бизнес-ахуалды жақсартуға арналған реформаларды таныстырды. Жалпы Doing Business рейтингінің 9 индикаторы бойынша  еліміздегі 7 кодекс пен 20 заңға 148 түзету енгізілді.

Барлық өзгерістер бизнес-қауымдастықтың ортақ пікірін ескере отырып енгізілді.

Doing Business көшбасшыларының алғашқы үштігінде: Жаңа Зеландия, Сингапур және Дания бар. Ресей 31 – ші орынға, Беларусь-37 – ші орынға, Қырғызстан-70-ші орынға, Өзбекстан 76-ші орынға тұрақтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер