«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қысқа курста оқытылғандардың 75 пайызы кәсіпорындарда жұмыс істейді және табысы тұрақты – Абылай Мырзахметов

2018 жылғы 30 Қазан
2956 просмотров

Көптеген компаниялар оқу орталықтарын ашуға дайын екендіктерін білдіріп отыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Атамекен» ҚР ҰКП  екі бағытты жүзеге асыруда. Олардың бірі- кәсіпорындар, колледждер немесе оқу орталықтары базасында өтетін қысқа мерзімді оқыту. Мұндай оқу мерзімінің ұзақтығы-бір айдан алты айға дейін. 

««Атамекен» реестр жүргізуде, оған 216 оқу орталығы кірді. 2018 жылдың басынан 143 оқу орталығында 6 мың адам оқытылды. Бағдарламаға қызығушылық артқан, кәсіпорындардың базасында оқытылғандардың 56% - ы жұмысқа орналасты, тағы 19% - ның тұрақты табысы бар. Ұлттық палата ҚР БҒМ - мен бірлесе отырып, тұрақты мониторинг жүргізіп келеді, кәсіпкерлердің жобаны қызығушылықпен қабылдайтынын көріп отырмыз», - деді Абылай Мырзахметов.

Қысқа мерзімді оқытудың қажеттілігі Ақтөбе облысында жүргізілген скринингтің өзектілігін растады. Ол кадр қажеттілігінің 68% жұмысшы мамандықтары құрайтынын көрсетті.  559 кәсіпорын өз базасында оқу орталығын ашуды қарастыруға дайын екендіктерін хабарлады.

Спикердің айтуынша, бүгінгі күні жұмысқа орналасу үлесі оқу орталықтарына арналған KPI анықтаушы болуы тиіс. Ұлттық палата ұсынған жұмысқа орналасу көрсеткіші 60% - ға ҰКП оқу орталықтарының тізіліміне енудің негізгі критерийлерінің бірі болады. Биыл 8 мыңнан астам адамды оқыту жоспарлануда.

Абылай Мырзахметов сондай-ақ 23 796 адам оқытылған «Бастау» жобасының іске асырылуы туралы айтты. Жыл соңына дейін барлығы 28300 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды оқыту жоспарланған.

«Биылғы жылы 5 мыңнан астам адам өз бизнесін шағын несие арқылы жүзеге асырды. Оқытылғандардың 70% - ы өздерінің бизнес-жобаларын сәтті қорғағанына назар аударғым келеді. Сонымен қатар, Мемлекет алдымызға KPI 20% қойды», - деп атап өтті Абылай Мырзахметов. 

Абылай Мырзахметовтың айтуынша, бизнес-жобаларды жүзеге асыру «Бес әлеуметтік бастама» аясында бөлінген шағын несие қаражатын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Биыл бағдарлама бойынша несиелендірудің жалпы көлемі 62 млрд теңгеге жетті.

«Барлық бизнес-идеялар арнайы құрылған комиссия тарапынан объективті бағасын алып отыр», - деді Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер