Жан басына қаржыландыру қазақстандық мектептердің «жүгін жеңілдетуге» көмектеседі
Келесі жылдан бастап мұндай қаржыландыру түрі еліміздің барлық мектептерінде енгізіледі.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, бүгінгі күні білім беру жүйесінде мектептердегі оқушылар санының жүктемеден артық болуы басты мəселе болып тұр.
Жан басына қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Жалпы бұл инвесторлардың қатысуымен жеке меншік мектептер санының өсуіне әкеледі. Жан басына қаржыландыру мөлшері мектеп деңгейіне байланысты болады.
Екінші деңгейдегі қаржыландыру мөлшері жеке мектептер мен шаруашылық басқару құқығы бар мектептерге арналған. Олар үшін қаржыландыру сомасы бір оқушы үшін 235 698 теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен еңбекақы төлеу, ынталандыру қоры, оқу шығыстары, ағымдағы жөндеу, күрделі шығыстар, коммуналдық қызмет пен интернет қаржыландырылады.
Жан басына шаққандағы қаржыландыруға қарамастан, жеке меншік мектептер ата-аналардан қосымша ақы алу құқығын өзіне қалдырады. Бибігүл Асылованың айтуынша, жаңа норматив балаға барынша есептелген және ата-аналар тарапынан түсініспеушілікті болдырмауға көмектеседі.
Вице-министр бизнесті ынталандыру ретінде ҚР БҒМ жеке меншік мектептердің құрылысы ҚНЕ және СанНЕ мен бірге біліктілік талаптарына сай жүйеленетінін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: