«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық кәсіпорындар қызметкерлері Worldskills hi-tech 2018 жарысына қатысты

2018 жылғы 29 Қазан
2557 просмотров

Делегацияны «Атамекен» ҚР ҰКП, Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы және өнеркәсіптік компаниялар мен кәсіби қауымдастықтар одағы, жұмысшы кадрлар мен біліктілік орталықтары (WorldSkills Kazakhstan) өкілдері бастап барды.

WorldSkills Hi-Tech-Екатеринбургте өтетін отандық ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының 18-28 жас аралығындағы жас мамандары арасында Ресейдегі ең ауқымды кәсіби шеберлік жарысы. Биыл 70 шетелдік қатысушы 32 біліктілік бойынша бақ сынады. Олар: Белоруссия, Бразилия, Ұлыбритания, Үндістан, Иран, Қытай, Моңғолия және Қазақстанның жас мамандары.

Жарыста Қазақстан ең үлкен құраманы таныстырды. Марапаттарға Еуразиялық топ кәсіпорындарының («Қазхром «ТҰК» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «ERG Service» АҚ, «ЕЭК» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ), «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС («Kazakhmys Energy» ЖШС, Г.О.Омаров атындағы Шахта тресті), «Полиметалл Евразия» ЖШС («Комаровское тау кәсіпорны» ЖШС, «Варваринское» ЖШС) лайық деп танылды.

Нәтижесінде білім мен білігі түйіскен қазақстандық қатысушылардың қоржынына бірден 10 жүлде түсті.

Қазақстан сондай-ақ WorldSkills Hi-Tech 2018 аясында өткен «Роботтар шайқасына» қатысты. Екі үнді және бір қазақстандық команда тоғыз ресейлік командамен сынға түсті. Робо-шайқас 26-27 қазан аралығында «Екатеринбург ЭКСПО» ХКО-ның екінші павильонында өтті.

Еуразиялық кеңістік елдерінің WorldSkills Hi-Tech-ке қатысуы 2017 жылдың тамызында Астанада құрылған WorldSkills Eurasia макроөңірлік бірлестігі шеңберінде белгіленген. Кадрлық әлеуетті дамытудағы көрші төрт елдің неғұрлым тығыз байланысқан  кооперациясы- еңбек өнімділігінің өсуіне және еуразиялық кеңістіктің барлық азаматтарының кәсіби танылуына жәрдемдесуге арналған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер