«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда жекеменшік мектептерді бос тұрған ғимараттарға орналастыру ұсынылды

2018 жылғы 27 Қазан
- Алматы қаласы
6225 просмотров

Оңтүстік астанада құрылысқа жер бөлу мәселесі өзекті, сондықтан шенеуніктер кәсіпкерлерге мектептерді жаңадан салудың орнына балама ұсынды

ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік бағдарламаны әзірледі, ол бойынша Алматы қаласындағы жекеменшік мектептер сұранысқа ие емес бизнес-орталықтар және басқа да танымал емес нысандарды ала алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова хабарлады.

 Қазіргі таңда республика бойынша 121 жеке мектеп бар, оның 55-і Алматыда жұмыс істейді. Бірақ, Алматыда құрылыс бастау үшін жер мәселесі түйткілді, Білім және ғылым министрлігі бос тұрған нысандарды пайдалану бойынша ұсыныс жасады.

 «Жеке мектеп иелері мектепті жаңадан тұрғызам десе де оған Алматыда жер жоқ. Сондықтан біз әдістемені нысандарды қайта жөндеуге қарай өзгертіп түзеткіміз келеді. Мұнда пайдалауға болатын бизнес-орталықтар көп. Қазіргі таңда  Алматы қаласында 15 мың оқушы орнына тапшылық бар, сондықтан мәселені шешу керек, бизнес мемлекетке түсетін ауыртпалықты азайтқанын қалаймыз», – деді Бибігүл Асылова.

 Бос тұрған ғимараттың мектепке сай келуі үшін ҚР Білім және ғылым минситрлігі талаптарды жеңілдетіп отыр. Құрылыс нормалары мен ережелері және Санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге өзгерістер енгізілді, ал алдыңғы нормалар сонау кеңес одағы кезеңінде жазылған. Ол уақытта қалалар үлкен емес, ал мектептер саны жеткілікті болды дейді министрлік өкілі.

 «Қала агломерациясы өсіп, дамып келеді. Ал құрылысқа ауқымды алаңдарды табу мүмкін емес. Сондықтан біз осы қадамға барып, мектеп құрылысына деген талаптарды төмендеттік: енді белгілі бір ғимараттарда жекеменшік мектептерді орналастыруға болады. Біз мемлекеттік тапсырысты береміз, 8 жыл ішінде мектептер жөндеу жұмыстарына кеткен шығындардың орнын толтыра алады. Қазіргі таңда нормативті жетілдіріп жатырмыз, Алматы қаласына ғана бос тұрған нысандарды реконструкциялау рұқсат», – деді вице-министр.

 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан мектептері жан басына қаржыландыруға өтеді. Мемлекет жылына 22 мың оқушыға 12 млрд теңге жұмсайтын болады. Жекеменшік мектептер мемлекеттік қаржыландыруды алу алмауды өздері шешеді: мұнда мектептер бюджетпен байланысып, тексерулерге дайын ба деген мәселе тұр.

 ҚР Білім және ғылым министрлігімен ынтымақтастыққа Алматының 20 жекеменшік мектебі қызығушылық танытты. Ал жан басына қаржыландыруға келсек, республика бойынша 140 мектеп осы жүйеге көшкен. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап бұл жүйеге Алматы мен Шымкент мектептері қосылады.

 ҚР Білім және ғылым министрлігі жекеменшік мектептердің дамуын ынтыландыруда. 2018-2019 оқу жылында Астананың 8 жекеменшік мектебі қаржыландырылады, ал 2019 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыста Қазақстанның барлық жекеменшік мектептері алатын болады.

Дереккөз: informburo.kz

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер