«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бақытжан Сағынтаев «Атамекеннің» әкімдер рейтингін жүргізу идеясын қолдады

2018 жылғы 27 Қазан
7571 просмотров

Бастаманы ҚР Премьер-Министрінің Алматы облысы бизнес-қоғамдастығымен Президенттің Жолдауын орындау мәселелері бойынша   кездесуі барысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты.

«Атамекен» Басқарма Төрағасы орынбасарының пікірінше  кәсіпкерлердің аудандық деңгейде «осал тұстарын» анықтауға бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингі көмектеседі.

 Мәселен, Ақтөбе облысында жүргізілген скрининг мұнда жер учаскілердің қолжетімсіздігі өткір мәселе екенін көрсетті. Бұл мәселе, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдар әрекетіне де байланысты.

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Doing Business» рейтингін жетілдіріп, оны қолдануды икемдеуге күш салар еді. Аудан әкімдерінің жұмысын өлшейтін жаңа критерийлерді енгізу керек деп санаймыз. Осылайша жергілікті атқарушы орган рейтингін кәсіпкерлердің өздері анықтай алады», – деді Эльдар Жұмағазиев.  

 Бақытжан Сағынтаев бұл бастаманы қолдап, бұған дейін Үкімет осыған ұқсас рейтингті пилоттық режимде жүргізгенін айтты.

«Біз бағалау жүргізген индикаторлар облыстардың көрінісін басқа қырынан  ашты. Сондықтан, егер қосымша өзгертулер енгізсеңіздер, біз ішкі Doing Business-ті жүргізуге дайынбыз. «Атамекенге» осы жұмысты таптсыру керек деп санаймын, олардың тәжірибесі бар», – деді Премьер-Министр.

Жиын барысында Эльдар Жұмағазиев бизнестің жауапкершілігін күшейтуге назар аударды. Оның айтуынша, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, атап айтқанда жобаларды субсидиялау тиімділігін қорытындылаудың кезі келді.

 «Республика бойынша 250 млрд теңге субсидия бөлінеді. Қандай субсидиялар кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің өсуіне, шаруа қожалықтардың дамуына, өнміділік пен  шығарылатын өнім сапасына әсер еткенін мониторинг жүргізіп, анықтағымыз келеді. Қаржыландыруды бөлетін комиссиялар жұмыс істейді, осы ретте таратылған қаражатты санап, қорытынды жасау барлығына пайдалы болады деп санаймын. Мәселен, Алматы облысында 407 компания мемлекеттен субсидияларды алды. Осылайша, іс жүзінде қанша жаңа жұмыс орны ашылды, салық түсімдердің және кәсіпорындар айналымы ұлғайғанын анықтап, мемлекеттік қолдауды өсу қарқыны мен қайтарымы бар кәсіпорындар арасында ғана бөлу керек. Осындай тәжірибені Ресей Федерациясында енгізіп жатыр», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 Басқарма Төрағасының орынбасары пилоттық жобаны Алматы облысында іске қосуды ұсынды.

 «Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жұмысқа дайын, комиссия құрып, барлық субъектілер бойынша көрсетілген көмекті  бірнеше жылдарға рестроспективті түрде санап, қайтарымның болғаны, болмағанын анықтау қажет. Бұдан жақсы нәтиже шығар еді», – деді спикер.

 Эльдар Жұмағазиев облыстардың жан-жақты дамуы үшін жергілікті ерекшелікті есепке ала отырып, өңірлік салалық бағдарламаларды құру қажет деп санайды.

 «Республикалық бағдарламаларды қабылдаймыз, бірақ өңірлік бағдарламаларға басымдық берген жөн. АӨК бағдарламасын алайық, онда ет, сүт өндірісі, ветеринария, ғылым, суландыру басым бағыттар деп  белгіленген. Ал Алматы облысындағы көрініс сан-алуан, 5-6 бағыттармен шектелмейді. Сондықтан, күн тәртібінідегі мәселе: өңірлер дамуына көбірек назар аудару керек. АӨК, өнеркәсіп, тамақ саласын дамытудың өңірлік бағдарламалары рөлін жоғарылатқан жөн. Және басымдықты өңірлік саясатқа беру керек», – деп қорытындылады ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.  

фото: primeminister.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер