«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Москва» сауда – ойын-сауық орталығының заңды құқығын қорғауға дайын

2018 жылғы 25 Қазан
3458 просмотров

Сауда – ойын-сауық орталығына келушілердің қауіпсіздігі бірінші кезекте, бірақ орталықтың қызметін тоқтату – шектен тыс шара деп есептейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары.

Алматы кәсіпкерлер палатасы «Мәскеу» сауда – ойын-сауық орталығының заңды құқықтары мен мүддесін қорғауға және Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің «MOSKVA metropolitan» ЖШС-на қатысты берген талап арыз бойынша сот шешіміне Жоғарғы Сотта шағымдануда кәсіпкерге кеңес беруге дайын.

 «Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы өрт қауіпсіздігі бойынша нормалар маңызды екенін түсенді. Азаматтың, қонақтың қауіпсіздігі бірінші орында тұратыны сөзсіз. Осы ретте «Мәскеу» сауда – ойын-сауық орталығы қызметін тоқтату шектен тыс шара. Бұл мәселені басқа жолмен шешу мүкіндігін алға шығарымз әрі «Мәскеу» сауда – ойын-сауық орталығына Жоғарғы Соттың кассациялық инстанциясында сот шешіміне шағым беруде көмектесуге дайынбыз. Сондай-ақ, кәсіпкерге уәкілетті органмен ымырашылыққа келуге көмектесеміз. Біздің деректер бойынша жоба кезінде Төтенше жағдайлар бойынша департамент сараптама жүргізбеген, яғни жоба құрылысқа дейін тексерілмеген. Осыған байланысты ҰКП кәсіпкерлердің келешекте осындай мәселелерге тап болуын алдын алу мақсатында  құрылыс жобаларын сараптау бойынша сарапшылық комиссияға Төтенше жағдайлар органы өкілдерін қосу бойынша амалды қарастырып көру керек», – Алматы қаласы ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөнінде орынбасары Айтуар Қошмамбетов.

 Бизнестің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басымдыққа ие бағыттарының бірі. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы кез келген кәсіпкерге заңгерлік көмек беруге дайын. Құрылғаннан бастап бес жыл ішінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 23,5 мың өтінім түсті, оның 40%-дан астамы оң шешілді. 2018 жылдың басынан Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы 1 миллиард теңге көлемінде кәсіпкерлердің мүліктік құқығын қорғап қалды.

Осыған дейін Алматы қалалық соты «Москва» сауда – ойын-сауық орталығы өрт қауіпсіздігі ережелері және норма талаптарын бұзу бойынша барлық олқылықтарды толық жойылғанына дейін қызметі тоқтатылғаны жайында ақпарат таратқан болатын. Бұл бұзушылықты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті  тексеру барысында анықтаған. Тексеру актісінде «Сарита» кафесі ғимаратынан өрт қауіпсәіздігі бойынаш алшақтықты бұзудан басқа барлық ескертпелер жойылды. Аталған бұзушылық сауда орталығының кінәсі салдарынан орын алған жоқ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер