«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ГЕРМАНИЯҒА ТЕГІН БАРЫП, БИЗНЕСТІ ЖАҚСАРТУҒА БОЛА МА?

2018 жылғы 25 Қазан
3017 просмотров

Бұл туралы «Іскерлік байланыстар» жобасын іске асыру қорытындысына арналған кеңейтілген конференцияда айтылады. 

Іс-шара аясында Қазақстан мен Германия өкілдері кәсіпкерлердің өзара тиімді ынтымақтастығының мүмкіндіктері мен перспективаларын және «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша бірлескен жұмыстың тиімділігін талқылайды.

Жоба халықаралық шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы өндірістерді жаңғыртуға, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің басқарушы кадрларын даярлауға қолдау көрсетуге бағытталған.

Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерліктің 500-ден астам өкілі Германияға барып тағылымдамадан өтті, 500-ден астам кәсіпкер Қазақстанда бизнес-тренингтерден өтіп жатыр.

Конференция бағдарламасында:

- «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысушы кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, халықаралық шетелдік ұйымдар, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен жалпы отырыс;

- қазақстандық және ресейлік үздік спикерлермен тренингтер өткізу жоспарланған.

Конференция өтетін күн: 8 қараша, 2018 жыл

Өтетін орны: Астана, «Мәскеу» БО, «Астана» конференц-залы

Конференция бойынша барлық сұрақтармен келесі нөмірлерге хабарласуға болады:

+7 701 536 45 61 – Майра Сұлтанова

+7 702 181 78 92 – Айкерім Мұзатова

+7 776 313 10 30 – Гүлия Жүнісова

Тіркелу  мына сілтемесі бойынша:

https://docs.google.com/forms/d/1SLCQxcPbQsVREg1JtUnJB3RBU80yTXXFu7cSXwRH6B4/edit


Еншілес ұйымдар

Серіктестер