Грант иелері қаражатты қайда жұмсайды?
Мемлекеттік гранттарға өтінімдерді қарау үшін комиссияның алты отырысының қорытындысы бойынша 400 өтініш қаралды. Айта кетелік, қайтарамсыз мемлекеттік қаражат «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяны жүзеге асыруға қарастырылған.
Комиссияның алтыншы отырысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында өтті. Естеріңізге салсақ, грант алуда міндетті талаптардың бірі – ӨКП жанынан құрылған комиссияның оң қортындысын алу. Комиссия құрамына Палата өкілдері, Өңірлік кеңес мүшелері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы қызметкерлері мен БАҚ өкілдері кіреді.
Мемлекеттік гранттарды бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқу бітіргендер, бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруды алмағандар, көшіп келгендер мен оралмандар, сонымен қатар «Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыған адамдар ала алады. Гранттың нысаналы мақсаты – еңбек құралдарын, мүкәммал, технологиялық жабдықты сатып алу.
Жиын барысында комиссия мүшелері облыстың түрлі аймағынан келіп түскен грант алуға шамамен 138 өтінімді қарады.
Ерейментау қаласының тұрғыны Ирина Белоусова – ІІ топтағы мүгедек. Алайда шектелген физикалық мүмкіндік 25 жасар қызға белсенді әлеуметтік өмір сүруге кедергі болған жоқ. Ол бірнеше жыл қатарынан фрилансер ретінде көп интернет басылымдармен келісіп, мақала жазады, редакциялайды, бір сөзбен айтқанда қашықтықтан жұмыс істейді. Мәтіндік контент және сайттарды әзірлеу үшін Иринаға ұйымдастырушылық жұмыс аймағы – үстел, ноутбук және басқа да құралдар керек.
Иринаның жерлесі Анатолий Деревянченко, ІІ топтағы мүгедек плоттер кесу орталығын ашпақ. Ал ол үшін жоғары дәлдікпен жұмыс істейтін плоттер аппараты керек. Плоттерлі кесу технологиясы арқылы түрлі суреттер дайындауға болады, оған материао ретінде винил қағазы, картон, пластик және металл қолдануға болады.
Бірегей бизнес-идеяны Бурабай ауданының тұрғыны Қайыр Исин таныстырды. Ол бұрыннан бері Щучинск қаласында «тұзды шахта» ашқысы келген. Ол үшін арнайы агрегат – оттегі концентраторы керек. Айта кетелік, галотерапия медициналық емнің баламасы. Үңгір немесе шахталы микроклимат тыныс алу жолдары, жүйке-жүйесі, жүрек-қантамыр айналымы, иммунитет жүйесіне оң әсер етеді.
Грант алуға келесі үміткер Нұржан Бағдат комиссия алдында түрлі күй тартты. 22 жасар зеренділік «музыкалық бизнеспен» айналысып, мекерелік іс-шаралар, шығармашылық кештерді ұйымдастырады екен. Грант қаражатына ол дыбыс зорайтқыш динамиктер, музыкалық пульт пен микрофон алмақ.
Айта кетелік «Бастаудың» осы төрт түлегінің грантқа бастамаларын комиссия бірден қолдады.
«Бастау» түлектеріне басымдық берілгені кездейсоқтық емес. Жобаны тәмамдаған үміткерлердің өтінімдері құрылымды, мақсаты айқын, жобаны сипаттау жүйлендірілген, таныстырылым тартымды. Ал комиссяи бизнес-жоспары толық әзірленбеген, гранттың нысаналық мақсаты түсініксіз, қорғаушының дайындығы аз өтінімдерді қабылдамауға мәжбүр. Осы ретте грантқа үміткер құжаттар пакетін қалыптастыру жауапкершілігі аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарына жүктеледі», – деп түсіндірді ӨКП Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Жанна Байқоңырова.
Комиссяның жалпы алты отырысы қортындысы бойынша 400-ден астам өтінім қаралған. Қазіргі таңда қаржыландыруға 140 өтінім өтіп, ӨКП, жұмыспен қамту орталықтары және грантқа үміткерлер арасында үшжақты келісімдер жасалды. Тағы 150 өтінімді Палата сарапшылары комиссия қарауына дайындап жатыр.
Қарауға берілген жобалардың негізгі бағыттары – шағын наубайхана (нан пісіру қалыптары, шкаф, нан илеуіштерді және т.б. алу), құс шаруашылығы (инкубаторлар сатып алу), мал шаруашылығы (сауын аппараттары, май шайқау аппараттары). Сонымен қатар қызмет көрсету саласы да қаралды: сұлулық салондары (кептіргіш құралдар, косметикалық, жуу жабдықтары), полиграфия (компьютер техникасы, түрлі-түсті принтерлер), тігін шеберханалары (тігін машиналары) және т.б.
Айта кетелік 100 АЕК (240 500 тг) көлемінде гранттар Бағдарлама қатысушыларына бизнес бастауды жүзеге асыруды немесе бизнесті жоспарлап жүрген адамдарға қайтарымсыз негізде беріледі. Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: