«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Биржа – бизнеске бағыт

2018 жылғы 23 Қазан
- Маңғыстау облысы
7940 просмотров

25 қазанда Ақтау қаласында сағат 9-30-да «Каспий ривьера Гранд Плаза» қонақ үйінде «KASE DAY in Aktau» бизнес таңғы асы ұйымдастырылады.

Шара «Атамекен» ҰКП мен «Қазақстанның қор биржасы» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтеді. Оған Ақтау қаласы әкімдігі жетекшілері, ұлттық басқарушы холдингтерге қарасты ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, сондай-ақ, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне шақырылған.

Негізгі мақсат- кәсіпкерлердің биржа нарығы туралы түсінігін көтеру, қаржыны басқара білу сауаттылығын арттыру.  

Кездесуде қор биржасы өкілдері биржаның жобалары мен жоспарлары туралы есеп беріп, компанияларға биржа өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат алмасады.

Биржа – Қазақстан қор нарығының негізгі инфрақұрылымдық элементі әрі отандық компанияларға қаржы тартудың ең тиімді алаңын жасауға бағытталған.

Экономикалық жағдайдың жаңа сын-қатерлеріне жауап беру арқылы биржа дамудың стратегиялық бағыттары ретінде анықталды. Озық халықаралық тәжірибеге сай ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру, технологиялық жаңғырту, өнімдердің санын кеңейту және жаңа инвесторларды нарыққа тарту басты мақсат.

Биржа стратегияның негізгі бағыттарымен танысуға, сарапшылармен жаңа өнімдер мен үрдістерді талқылауға, Қазақстанның қор нарығында бизнес ашу туралы білуге, сондай-ақ биржаның жаңа брендімен танысуға мүмкіндік туады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер