Бақытжан Сағынтаев: «Атамекенмен» келісемін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларында басымдық керек
Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына іріктеу өлшемдерін енгізуді ұсынады.
Соңғы үш жылда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының саны 20 есеге артты. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. МЖӘ жобаларының басым көпшілігі білім беру және денсаулық сақтау саласында іске асырылады. Атап айтқанда, балабақшаларды пайдалану бойынша жобалар баршылық.
Спикер өңірлерде бағдарламаны іске асырудың негізгі критерийі сапаға нұқсан келтіріп жасалғандығын, МЖӘ шарттарының сандық көрсеткішіне ғана негізделгенін атап өтті.
«Атамекен» ҚР ҰЭМ-мен бірге құрған кеңес құрамында депутаттар мен белсенді қоғам қайраткерлері бар.
«Біз мемлекеттік –жекешелік әріптестік саласында туындаған мәселелерді жедел түрде шеше аламыз. МЖӘ бойынша проблемалық мәселелер тізіліміне енгізілген 26 мәселенің 15-і шешілді», - деді Абылай Мырзахметов.
Ол сондай-ақ, бұл салада қазір үш бақылаушы орган бар екенін айтты. Ұлттық палата жобаларды мониторингілеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган- Ұлттық Экономика министрлігі болғанын қолдайды.
«Біз, бірінші кезекте, жобалардың сапасын ойлауымыз керек, сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде ұсынылған жаңашылдықтарды білуіміз керек. Ол үшін өңірлердің МЖӘ жобаларына қажеттіліктеріне скрининг жүргізуді ұсынамыз. Іске асырылып жатқан жобалар бойынша бірыңғай базаны цифрлау және әрбір жобаға виртуалды паспорт жасау қажет. Онда жоба туралы негізгі ақпарат жарияланады, оны сайтта көруге болады. Сонымен қатар, бизнестің жауапкершілігін де арттыру қажет. Кәсіпкерлер тек пайда табуды ғана емес, сонымен қатар жобалардың сапасын, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын қалай арттыру керектігін ойлауы тиіс. Бұл көрсеткіштер рейтингте көрсетіледі», - деді Абылай Мырзахметов.
Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасы жобалардың саны көптігіне қарамастан, бизнес инвестициясынан гөрі, мемлекеттік міндеттемелердің айтарлықтай өсу үрдісі байқалып отырғанын атап айтты. Осыған байланысты «Атамекен»: мемлекеттік қолдаудың қандай да бір қаржылық шараларын және мемлекеттік бюджеттен шығындарды өтеу көздерін талап етпейтін; мемлекеттік бюджеттен пайдалану шығындарын өтеуді талап ететін; және мемлекеттік бюджеттен жекешелік әріптестіктің барлық шығындарын өтеуді талап ететін МЖӘ жобаларын іріктеу критерийлерін белгілеуді ұсынады.
«Бұл шаралар МЖӘ қолдану аясын кеңейтуге және мемлекеттік органдардың штаты мен әкімшілік шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деді Абылай Мырзахметов.
Спикер кәсіби мамандар мәселесіне де назар аударды. Кадрлардың жетіспеушілігі жобаларды іске асыру кезінде байқалады. Бүгінгі таңда Қазақстанда МЖӘ жобаларымен жұмыс істейтін мамандарды оқытатын кафедралар, біліктілікті арттыру курстары жоқ.
«Ұлттық палата отандық жоғары оқу орындары базасында мамандар даярлау үшін талаптарды әзірлеуді ұсынады. Сондай - ақ, білім беру процесіне кадр даярлау курстарын енгізу қажет», - деп түйіндеді Абылай Мырзахметов.
Кеңесті қортындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев МЖӘ енгізу мәселелерінде белгілі бір динамика барын, сонымен қатар, процесті жетілдіру қажеттігін айтты.
«Ең бастысы-жобалардың саны емес, сапасы. «Атамекенмен» келісемін, Абылай Исабекұлы атап өткендей, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру кезінде басымдық керек», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: