Кәсіпкерлерге арналған онлайн-қызметтер сұраныста
Отандық компаниялардың жұмысын оңтайландыру мақсатынды «Аға сеньор» бағдарламасы бойынша шетелден 5 сарапшы шақыртылды, 2000-ға жуық адам бизнесті жүргізу негіздерін оқып, 200-ден астам кәсіпкер «Іскерлік байланыс» оқу жобасына қатысты.
Бизнесмендер Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында ұсынған сервистік қолдауды тиімді қолданады.
Биыл тамыз айына дейін бухгалтерлік есеп және салық есебін жүргізу, кедендік процедуралар, маркетинг, заңнама, ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, сондай-ақ жобаларға қолдау көрсету бойынша консультациялар мен қызметтерді кәсіпкерлер Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, тікелей жүгініп, алуға мүмкіндік алды. Енді өтінімдер жоғарыда аталған қызметтер бойынша services.atameken.kz арқылы онлайн қабылданады. Онлайн режимінде кеңес алуға деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Екі жарым ай ішінде алматылықтарға 2342 қызмет көрсетілді.
«Бүгін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 20 менеджер қалды. Бизнесмендер маркетинг, бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері бойынша кеңес ала алады, сондай-ақ жобаларына сүйемелдеу жасалады. Бүгінгі таңда орталық жалпы алғанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 6152 қызмет көрсетті», – деді Қаржылай емес қолдау бөлімінің директоры Ержан Қапанов.
Консультациялардан бөлек Алматы ӨКП-да бизнес негіздерін тегін оқуға болады, түрлі бағдарлама бойынша семинарлар қарастырылған, осы мақсатта орталықта бизнес-тренерлер жұмыс істейді.
«Бизнес-Кеңесші» курсында кәсіпкерлік негіздерін 1909 адам оқыды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-Өсу» бағдарламасымен 160 субъект оқып шықты, «Жобалық оқыту» жобасын 65 адам тәмамдады, «Жас кәсіпкер мектебін» 35 қатысушы аяқтады. Сонымен қатар «Іскерлік байланыс» атты екі кезеңдік оқу бағдарламасы бар. Бірінші кезеңде қатысушылар оқу семинарларын Қазақстанда игеріп, екінші кезең бойынша Германияға барып тағылымдамадан өтеді», – деді Ержан Қапанов.
«Іскерлік байланыс» құрауышы бойынша Алматыда екі лек өтті, оған 212 кәсіпкер қатысты. Екінші кезеңге өтінім қабылдау басталып кетті.
«Аға сеньор» құрауышына сұраныс көп. Жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды және кадрларды дайындауды енгізу бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігі көптің көңілінен шығуда. Палатаға 19 өтінім түскен, қазіргі таңда шетелдік бес сарапшы миссиясы жүзеге асты», – деп мәлімдеді Ержан Қапанов.
Мәселен, «Казтрансформатор» ЖШС Түркияның Donmez бизнес-мектебінің онлайн-маркетологын Андрей Плотниковты шақырды. Маман онлайн-сауда және диджитал-маркетинга саласында басқа да әдістерді үйретті. Компания сайтына толық талдау жасап, оны оңтайландыруға көмектесті.
Ал «Shoes Republic» ЖШС отандық аяқ киім өндірушісіне Түркиядан ірі аяқ киім фабрикасының жетекшісі Махмут Шишман келіп, өндіріс пен басқару үдерісн жолға қоюға көмектесті.
«ДСП Центр» ЖШС қызметкерлеріне ішкі логистиканы реттеу және өндірісті автоматтандыру үдерісіне сарапшы Кадир Терзи баға беріп, оқу семинарларын өткізді.
Нан-тоқаш өнімдер ассортименті кеңейту, өткізу нарығын жолға қою және маркетинг саласында кеңестерді алу үшін бизнес ханым Шолпан Керімбаева түрік сарапшысы Сахин Торерді шақырды.
Тағы бір шетелдік сарапшы – Ибрахим Демир «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС-на келіп, өндіріс сапасын бақылау бойынша кеңестерін берді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: