«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жобалық-сметалық құжаттамада отандық өнім ескерілмейді

2018 жылғы 22 Қазан
- Ақмола облысы
5552 просмотров

Қазіргі таңдағы отандық тауар өндірушілер өндіретін өнім номенклатурасы нақты қажеттілікті толық көлемде өтей алмай отырғаны жасырын емес.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау және отандық тауарларды алға жылжыту бойынша жұмыс тобының апта сайынғы жиыны барысында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бағалаудың нормативтік базасында кейбір отандық тауар өндірушілер өндірісінің жетіспеушілігі қарастырылды.

Қазіргі таңда отандық тауар өндірушілердің өзекті мәселлердің бірі – шығарылған өнім жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілмейді. Себептері түрлі, оның бірі – әлсіз маркетингтік стратегиясы, нақты айтқанда оның мүлде болмауы кедергі келтіреді. Әдетте жобалық ұйымдардың көбі отандық тауар өндірушілер туралы ақпаратты білмейді. Сондықтан отандық өнім жобалау кезңінде ескерілмей жатады.

 Тағы бір себеп – өндірістің жетіспеуі. Атап айтқанда, құрылыста жиі пайдаланылатын материалдар, бұйымдар, конструкциялар мен жабдықтар (сантехникалық бұйымдар, технологиялық жабдықтар, жиһаздар мен т.б.) өндірісі жоқ.

 «Осы мәселені шешу үшін Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және жобалық ұйымдармен бірге жобалық-сметалық құжаттамада (К-қосымшасы) көзделген негізгі құрылыс материалдары, жабдықтар, бұйымдар мен конструкцияларға қажеттілік туралы мәлімдемелерді талдауға және тиісті тізілім жасауды қолға алмақ», – деді ӨКП директоры Шыңғыс Теміров.

 Тағы бір дилемма – мемлекеттік мекемелер жобалық жұмыстарға арнап деректерді уақытылы бермейді. Заңнама талаптарға сәйкес тапсырыс беруші құрылыс алдында жобалық ұйымның деректерін беру қажет. Алайда тәжірибе жүзінде тапсырыс берушілер мұны орындамайды.

Мемлекеттік органдардың өкілдерінің пікірінше, бұл мәселе жалпыға ортақ және тұтынушылар арасында кадрлар жетіспеушілігінен туындаған. Талқылау барысында тапсырыс берушілерге мемлекеттік сатып алулар аясында бастапқы деректерді жинау және жалпылау бойынша сатып алуды жүргізу немесе бұл функцияны арнайы органға беру ұсынылды.

 Жұмыс тобының мүшелері құрылыс саласының жобалауға қатысты басқа да мәселелерін, онда жергілікті өнімді қамту сұрақтарын талқылады. Кездесу барысында сәйкес хаттама жасалып, ондағы ұсыныстарды орындау мақсатында қатысушылардың барлығына, мүдделі тараптар, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға таратылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер