«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елдос Рамазанов: Жылумен жабдықтау туралы заң қажет

2018 жылғы 19 Қазан
10459 просмотров

Құжатты қабылдау жылу желілерінің тозу проблемасын шешуге және жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ауқымды мәселе «Атамекен» ҚР ҰКП  Төралқасының Энергетика комитетінің отырысында Алмасадам Сәтқалиевтің төрағалығымен Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен талқыланды.

«Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығы» (ҚЭҚ) ЗТБ төрағасы Шаймерден Оразалиновтың айтуынша, бүгінгі таңда мемлекет энергия қадағалау, тарифтік саясатты реттеу және жылу энергиясын өндіруге, беруге және бөлуге байланысты міндетті ережелерді белгілеу функцияларын ғана сақтап қалған.

«Жылумен жабдықтаудың негізгі мәселелері шешілмейді! Біріншіден, бұл ЖЭО, қазандық және жылу желілеріндегі жабдықтардың тозуы. Нормативтен тыс ысыраптарды жою жөніндегі өзекті міндеттер шешілмейді. Қала ғимараттарындағы қолданыстағы жылу тұтыну жүйелері негізінен автоматтандырылмаған, тек аз ғана мөлшерде жылу пункттерінде жылу энергиясын есептеу құралдарымен қамтамасыз етілген. Орталық жылумен жабдықтауға қосылған тұтынушылардың көпшілігі жылу шығынын дербес реттей алмайды. Сонымен қатар, тұрғындар да, ПИК де, ШОБ де энергия үнемдеу шараларын өткізуге экономикалық ынталандыруларды көрмейді», – деді Шаймерден Оразалинов.

ҚЭҚ төрағасы Шаймерден Оразалиновтың пікірінше, «Жылумен жабдықтау туралы» заң жылумен жабдықтаудың барлық субъектілері қызметінің негізгі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайды, жылумен жабдықтауда экономикалық қатынастарды ұйымдастырудың жалпы қағидаттарын бекітуге, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік саясаттың негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алмасадам Сәтқалиев бүгінгі таңда тариф белгілеу проблемасы бар екенін атап өтті.

«Ол электр энергиясы есебінен жабылатын тоғыспалы субсидиялаумен байланысты. Осы тұрғыда энергетиктер баға белгілеуді қалпына келтіру, жылумен жабдықтау саласын ынталандыру және дамыту туралы бірнеше рет өтініш білдірді. Бүгінде сала алдында өңірлерді газдандыруға, жылумен қамтамасыз ету жүйесінің жаңа технологияларын енгізуге қатысты мәселелер тұр», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Спикер бұл мәселелерді жаңа заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу кезінде ескеру қажет деп атап өтті.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов Ұлттық палатаның Президиум Төрағасы Тимур Құлыбаевтың тапсырмасы бойынша Энергетика министрлігі алаңында жылумен жабдықтау бойынша заңды әзірлеудің орындылығы туралы мәселені талқылағанын атап өтті.

«Жылумен жабдықтау туралы заң қажет екені анық. Ұлттық палата Энергетика министрлігімен бірлесіп осы мәселеге қатысты белсенді жұмыс жүргізуде. Министрлік тарапынан қолдау алдық. Бизнес-қауымдастықты тұжырымдама жобасына енгізу үшін ұсыныс жолдауыңызды сұраймын», - деді Елдос Рамазанов.

«Ашық тариф» қазақстандық қауымдастығы президиумының төрағасы Петр Своик монополистер қызметінің ашықтығы мәселесі Мемлекет басшысының Жолдауында да айтылғандығын тілге тиек етті. Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде жылумен жабдықтау субъектілерінің пайдалану және инвестициялық қызметі кезінде қаражатты пайдаланудың транспаренттілігін қамтамасыз ететін институттар мен рәсімдерді құруды, жылумен жабдықтау субъектілері қызметінің тиімділігін бақылауды арттыруды ескеру маңызды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер