«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сауда орындарындағы сатушыларға онлайн-кассалық аппараттарды сатып алуға өтемақы беріледі

2018 жылғы 17 Қазан
6709 просмотров

«Атамекеннің» бизнеске салықтық міндеттемелерді азайту жөніндегі бастамасы заң жобасында көрініс тапты

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашық сауда базарларының (патент бойынша жұмыс істейтіндерден басқа) аумағындағы, стационарлық емес сауда объектілері арқылы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға міндетті.

«2019 жылдан бастап онлайн-БКМ базарларда сауданы жүзеге асыратын бизнесмендер қолдануы тиіс, ал 2020 жылдан бастап бұл тізімді патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер, сондай - ақ шаруа қожалықтары толықтырады», - дейді «Атамекен» ҰКП салық салу департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова.

БКМ орнату бойынша талаптар міндетті және шағын бизнес тарапынан шығындарды қарастыратынын ескере отырып, «Атамекен» кәсіпкерлерге кассалық аппараттарды сатып алу бойынша шығындарды өтеу туралы бастама жасады. Ұлттық палатаның ұсыныстары заң жобасында көрініс тапты және келесі жылдан бастап күшіне енеді.

«Қазіргі уақытта Салық кодексіне өзгерістер енгізілген заң жобасы әзірленді. Олар патент және оңайлатылған декларация негізінде АСР бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін 50% - ға, бірақ 60.000 теңгеден аспайтын мөлшерде азайтуды көздейді. Бұл шараның әрекеті 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жылға қарастырылған», - дейді Жеңіс Жанболатова.

Сонымен қатар 2018 жылдың 1 қазанынан бастап қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді (10-нан 27-ге дейін), оларды жүзеге асыру кезінде ҚР аумағында салық төлеушілер онлайн-БКМ қолдануға міндетті. Оған: автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын сату, сусындарды, фармацевтикалық тауарларды көтерме сату, киім сату, ломбардтардың, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша агенттіктердің қызметі, жарнама агенттіктерінің қызметі және т.б. кірді.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлер деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану жөніндегі ұсынысты мемлекеттік органдарға 2014 жылы салықтық әкімшілендіруді реформалау жобасы аясында  ұсынған болатын.

Бастапқыда көрсетілген нормаларды 2014 жылдың 1 қаңтарында енгізу жоспарланған-тын. Алайда техникалық мүмкіндіктердің нақты болмауына байланысты Ұлттық палатаның ұсынысы бойынша бұл мерзім 2014 жылдың 1 шілдесіне, содан кейін 2015 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылды.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап БКМ пайдалану бойынша талаптар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге таратылды (2018 жылғы қаңтарға дейін тізбе 10 қызмет түрін қамтыды және ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1129 қаулысымен бекітілді). Жоғарыда көрсетілген талаптар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген жаңа Салық кодексіне де ауысты (қазіргі уақытта қызмет түрлерінің тізбесі ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығымен бекітілген).

Әзірлеушілердің пікірінше, онлайн-БКМ енгізу бір жағынан көлеңкелі экономика деңгейінің төмендеуіне және бюджетке салық түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді, ал екінші жағынан – ТБЖ салық органдары қолданған кезде кәсіпкер үшін тәуекел деңгейін төмендетуге, сондай-ақ тақырыптық тексерулердің санын азайтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер