«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Олжас Ордабаев «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2018 жылғы 17 Қазан
7675 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының шешімімен Олжас Ордабаев Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

Ол  енді білім беру, жұмыспен қамту, әлеуметтік сала, IT- сала, медициналық қызметтер, туризмді дамытуға қатысты мәселелер бойынша жетекшілік етеді.

Олжас Ордабаев Алматы қаласында дүниеге келген.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, сондай-ақ Cesar Ritz Colleges Switzerland оқу орнын «Қонақүй және туризм менеджменті» мамандығы бойынша бітірген.

2007- 2011 жылдар аралығында бірқатар қоғамдық ұйымдарды басқарған.

2012- 2014 жылдар аралығында «Жаңа технологиялар және азаматтық қорғау қоры» ЖШС директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, 2014 жылы «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Әлеуметтік әріптестік департаментінің бас менеджері қызметін атқарды.

2015 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары қызметіне келген.  2016 жылдан  қазіргі уақытқа дейін осы Департаментті басқарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер