Абылай Мырзахметов «Бастау» түлектерін несиелендіруді қалай арттыруға болатындығын айтты
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруды бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында өз бастамаларын жария етті.
Абылай Мырзахметов Ұлттық палатаның «Бастау» жобасы бойынша биылғы жылы 19 200 адамды оқытқанын айтты. Жыл соңына дейін 30 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды оқыту жоспарда бар.
«Биылғы жылы оқытылғандардың 70% - ы өздерінің бизнес-жобаларын сәтті қорғағанына назар аударғым келеді. Бұл ретте мемлекет алдымызға KPI 20% қойды. Өткен жылы Ұлттық палата жоспарды орындап, 3 мыңнан астам адам өз ісін ашты. Өкінішке қарай, тағы бес мыңға жуық түлек шағын несие ала алмады», - деп атап өтті Абылай Мырзахметов.
Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта Алматы, Ақтөбе, Ақмола және Павлодар облыстарында «Бастау» қатысушыларының шағын несиелеуге қаражатының жетіспеуі байқалады. Ағымдағы жылы жобаның 1-3 топ түлектері қаржыландырылды. 4-6 топтың қатысушылары келесі жылды күтетін болады немесе тиімсіз жағдайда микрокредит алуға мәжбүр.
«Егер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы берілген қаражаттың жалпы көлемінде «Бастау» жобаларының үлесі 40 пайызды құраса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 646 шағын несие бөлінген», - деді Абылай Мырзахметов.
Сонымен қатар, кооперация қозғалысы бойынша қаржы институттары («Сыбаға» бағдарламасы) арқылы бөлінген қаражаттың әлсіз игерілуіне байланысты Ұлттық палата индикативтік көрсеткіштерді қайта қарау және игерілмеген қаражатты «Бастау» жобаларына бағыттау туралы ұсыныс енгізді.
Сол сияқты, несие серіктестіктері арқылы қаржыландыру проблемалары бар. Басқарма Төрағасы атап өткендей, қазір ол қатысушыларға қойылатын қатаң талаптарға байланысты айтарлықтай дәрежеде пассивті.
«Кооперацияның мұндай түрі қатысушылардың белгілі бір құрамына ғана бағытталған, онда несиенің 6,7% - дан астамын өзіңіз енгізуіңіз керек. Егер адам жұмыссыз болса, әлі пайда көрмесе, ол не істей алады? Осы тұрғыда Ұлттық палатаға Алматы облысының фермерлері бірнеше рет жүгінген болатын. «Атамекен» биылғы жылы қойылған KPI орындап, несие беру үшін 4 мыңнан астам жобаны ұсынуға дайын», - деді Абылай Мырзахметов.
«Атамекен» Басқарма төрағасы бағдарламаның шарттары бойынша «Бизнес-кеңесші» («Бизнестің жол картасы 2020») бағдарламасын және «Даму»қашықтықтан оқыту бағдарламасын қоса алғанда, барлық оқыту курстары, басқа да бағдарламалардың түлектері шағын несие алуға құқылы екенін айтты.
«Осыған байланысты «Бастау» жобасының басымдылығы үшін бағдарлама аясында бизнес-жобаларға шағын несие беруге бөлінген қаражатты квоталау қажет», - деді Абылай Мырзахметов.
Мемлекет басшысы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарға шағын кредит беру үшін мемлекеттік қаражат бөлуді арттыруды тапсырды, ал бұл әлеуметтік маңызы бар міндет, деп санайды Абылай Мырзахметов.
«Қатысушылардан коммерциялық ағынды күтудің қажеті жоқ. Біздің міндетіміз-адамдарды іскерлік ортаға енгізу,олардың отбасын асырауға үйрету. Статистика бойынша бұл 19 мың адам- 58% - жұмыссыздар, 7 мыңнан астамы-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және бірнеше пайызы - үш жылдан аспайтын жұмыс істейтін ЖК. 4,1 мың адам шағын несие ала алғаны қуантады», - деді Абылай Мырзахметов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: