«Бизнесті құтқару қызметі» алғашқы көмекке аттанды
8 қазан күні кешкі уақытта сауда нысанына жедел көмек қызметі аттанды, кәсіпкер полицейлердің іс-әрекетіне шағымданды.
«Атамекен» ҰКП «Бизнесті құтқару қызметі» пилоттық жобасы аясында 1432 нөмірі бойынша байланыс орталығына «Добрый путь» ЖШС директоры Меруерт Қабылбаева қоңырау соғып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымданды.
Оқиға орнына келген кезде учаскелік полиция қызметкері заңсыз сауда жасау фактісін анықтап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған екен. Заң бұзушылық фактісі ретінде- кәсіпкердің шығарылатын шатыр орнатып, павильоннан тыс, іргелес аумақта сауда жасағаны тіркелген.
«Бұл құқық қорғау органдарының төртінші рет келуі. Бүгін айыппұл салынды, себебі көшеде заңсыз сауда жасап жатырмыз. Бірақ біз осы қадамға баруға мәжбүрміз. Бізге «Astana ӘКК» ҰК АҚ берген орын тар, тек 9 шаршы метр, барлық өнімді осы жерге орналастыра алмаймыз, себебі сақтау және сату және шығындарды өтеу қажет. Мұнда үшінші ай жұмыс істейміз. Осы уақыт ішінде бізді әртүрлі сипаттағы проблемалармен бетпе-бет келдік. Бір ай бұрын дүңгіршегімізді тонап, 35 мың теңгенің тауары қолды болды, 15 мың теңге ақшам жоғалды. Бірақ қылмыс әлі күнге дейін ашылған жоқ! Алайда айыппұл салу керек болса полицейлер елден бұрын келеді. Сондықтан да «Бизнесті құтқару қызметіне» қоңырау соғуға мәжбүр болдым», – дейді «Добрый путь» ЖШС директоры Меруерт Қабылбаева.
Кәсіпкер сондай-ақ павильондарды электр энергиясына қосу мәселесін көтерді. Себебі кәсіпкер сауда орнына электр жарығын өз бетінше, таяу маңдағы көппәтерлі үйлерден тарту керек.
Алматы ауданы ІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, майор Жандос Тәжиев хабарлағандай, сауда нысанының сатушысына бұрын жазбаша ескерту жасалған. Бірақ бір айдан кейін заң бұзушылық қайталанып, осыған байланысты әкімшілік хаттама толтырылған.
«Біз кәсіпкерге қазір заң бойынша айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі бар екенін түсіндірдік. Сондай-ақ, кәсіпкерге қолданыстағы шарт аясында, яғни сауда үшін белгіленген алаңда жұмыс істеу қажеттігін түсіндірдік. Алайда, «Көшедегі 1000 сауда орны» бағдарламасы аясында ұсынылатын сауда павильондарының шағындығы сияқты проблемамен алғаш рет кездесіп отырған жоқпыз. Бұл мәселені «Astana» ӘКК» ҰК АҚ - мен бірлесіп шешеміз», - деді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлмира Молдағалиева.
Естеріңізге сала кетейік, «Бизнесті құтқару қызметі» жобасы Астанадағы арнайы шағын және шағын бизнес үшін пилоттық режимде іске қосылған. 1432 нөміріне қоңырау соғып, кәсіпкерлер жедел кеңес алу ғана емес, мәселені реттеу үшін белгіленген нысанға мобильді топты шақыра алады.
Мобильдік топтың құрамында – «Атамекен» ҚР ҰКП, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар, ІІД және Астана қаласы ТЖД қызметкерлері бар. «Бизнесті құтқару қызметі» күн сайын 9-дан 22-ге дейін қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету (шаштараз, дәріханалар, турагенттіктер, киім тігу және жөндеу), қызмет көрсету (тамақ жеткізу, сауда) саласындағы кәсіпкерлер, сондай-ақ жөндеу және монтаждау жұмыстарының кез келген түрлерін жүзеге асыратын, үй шаруашылығын жүргізумен айналысатын кәсіпкерлер үшін жұмыс істейді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: