«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Индустриялық-инновациялық даму – негізгі бағыттар

2018 жылғы 08 Қазан
- Маңғыстау облысы
8969 просмотров

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасында қазақстандық индустрияны дамыту институтының өкілдерімен кездесу өтті. Негізгі мақсат- 2020-2024 жылдарға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығы жоспарының тұжырымдамасына негізгі көзқарастар енгізу үшін ақпараттық-түсіндіруді және цифрландыру мәселесін талқылауға жұртшылықтың қатысуын  қамтамасыз ету.

Кездесуге Кәсіпкерлер Палатасы өкілдері, Маңғыстау облысының әкімдігі, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері және өндірістік кәсіпорындар қызметкерлері қатысты. Ал, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының өкілдерімен бейнеконференция арқылу байланыс орнатылды.

Басқосуды Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев ашты. «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Марат Идрисовтің айтуынша, ақпараттық ашықтықты және тұжырымдамадағы негізгі тәсілдерді талқылауға жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары кәсіпорындарының, Алматы қаласы мен Алматы облысы кәсіпорындарының қатысуымен, Шымкентте - елдің оңтүстік өңірлері үшін (Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент) нақ осындай бірлескен кездесулер өтпек.

Тұжырымдаманың жобасы Қазақстандық индустрия дамыту институты мен «Ғылым және консалтинг орталығы» ЖШС-і бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Президентінің «Дамудың төртінші индустриалды революциясының жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы және 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары шеңберінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленді.   

Кездесу барысында Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың талдау нәтижелері ұсынылды және 2020-2024 жылдарға арналған елдің индустриялық-инновациялық дамуының тәсілдерін, оның ішінде өңдеуші сектордағы кəсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету критерийлері мен шарттарын шолуға бағыт берілді. Шарада индустриялық саясатты іске асырудағы негізгі мәселелер мен тәсілдер талқыланды. Қатысушыларға қызығушылық тудырған барлық мәселелер бойынша түсініктеме беріліп, олардың барлық ұсыныстары ескерілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер