Қазақстан мен Ұлыбритания сауда-инвестициялық байланысты арттыруда
Астанада Қазақстан-Британ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы өтті.
Үкіметаралық комиссияның казақстандық тарапын ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, британ тарапын – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның Сауда саясаты және халықаралық сауда министрі Джордж Холлингбери бастап келді.
Іс-шараға Ұлыбритания іскер-ортасының 50-ден астам өкілі қатысты.
«Ұлыбритания Еуропадағы стратегиялық және негізгі әріптестеріміздің бірі. Екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуын ерекше атап өткім келеді, мұнда жоғары деңгейдегі өзара іскер кездесулер маңызды рөл ойнайды», – деді министр Жеңіс Қасымбек.
Ұлыбритания Қазақстанның тауар айналым көлемі бойынша серіктес елдердің ондығына кіреді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің тауар айналымы 2 пайызға артып, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады (2016 жылы – 1,262 млдр АҚШ доллары).
«Ұлыбритания мен Қазақстан ынтмақтастықты білім беру, мұнай-газ, тау-кен қазу, қаржы, химия өнеркәсібі, машина жасау, металлургия мен азаматтық авиация сынды салаларда дамытып отыр. Бұл кездесу Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы серіктестік қатынастарды арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар Ұлыбритания сенімді серіктес ретінде танытуға жол ашады», – деді министр Дж. Холлингбери.
Үкіметаралық комиссия аясында энергетика мен жер қойнауын пайдаланусалалары бойынша екі жұмыс тобын арасында отырыс өтті, сондай-ақ «Астана халықарылқ қаржы орталығы» мен «TheCityUK» қаржы институттарының кезедсуі ұйымдастырылды.
Қазақстан озық технологияларды ұсынып отырған британдық компаниялармен сәтті жұмыс істеуде және Ұлыбритания үкіметі технологиялық және іскер ынтымақтастыққа ары қарай қолдау көрсетпек. Қазіргі таңда Қазақстанда 400-ден астам британдық компания жұмыс істейді. Олар тау-кен қазу, қаржы қызметтері, құқық қорғау, жобаларды басқару, білім беру мен технологиялары салалары.
«Қазақстанның байырғы сауда серіктесі ретінде британдық компаниялар теңдессіз тәжірибе мен қазақстандық серіктестерді қолдай алатын салалардың кең ауқымында инновацияларды ұсына алады», – деді министр Холлингбери.
Жиында қатысушылар мұнай-газ, қаржы және тау-кен қазу секторларынан бөлек, жаңармалы энергия көздері, су жабдығы, ауыл шаруашылығы мен қоқыстарды жою салаларындағы әлеуетті жобаларды талқылады.
Кездесулер қорытындысы бойынша комиссия хаттама мен бірқатар келеісімдерге қол қойды.
Анықтама үшін:
2018 жылы қаңтар-шілде аралығында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сыртқы сауда айналымы 743,4 млрд теңгені құрады. 2005 жылдан 2018 жылдың 1 тоқсан аралығында Ұлыбританиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі 12,8 млрд АҚШ долларын құрады. 2018 жылдың 1 қыркүйегіне сәйкес Қазақстанда британдық қатысумен 403 заңды тұлға, филиал мен өкілдік жұмыс істеп тұр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: