«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Ұлы дала елі» байқауына «Милах» ЖШС қатысады

2018 жылғы 05 Қазан
- Қостанай облысы
6059 просмотров

Қазақстанда үшінші рет өтіп жатқан «Ұлы дала елі» ортақ брендін қолдау құқығын беру байқауының қорытындысы Астана қаласында қараша айында өтеді. Биыл Қостанай облысынан байқауға «Милах» ЖШС «Новый день» сауда таңбасымен қатысады. Бұл компания өңірдегі сүт өндіретін ірі кәміпорын.

«Милах» ЖШС отандық нарықта 20 жыл қатарынан еңбек етеді. Қазіргі таңда компания 60-тан астам сүт өнімдерін – сүт, айран, ряженка, тәтті сүт, сүзбе, қаймақ, кілегей, қатты және балқыған ірімшік түрлері, балмұздақ және басқа да өнім шығарады.

 Қостанайлық тауар өндірушіні Қазақстанда ғана емес, шетелдік көрмелер, форумдар мен ірі іс-шаралардан да таниды. Өткен айда «Милах» ЖШС «WorldFood Moscow 2018» атты азық-түліктің халықаралық көрмесіне қатысты, бұл шараға әлемнің жетекші өндірушілері қатысқан.

 «Көрмеде өнімдерімізге қызығушылық танытты. Көрме қонақтары өнімдердің дәмін татты, өнімді қалай сатып алу туралы сұрастырды. Ресей, Әзірбайжан, Иран, Қытай территориясында сүт өнімдерін сатып жүрген компаниялар да бізбен жұмыс істеуге қызығушылық танытты», – деді кәсіпорын жетекшісі Сергей Блок.

 «Ұлы дала елі» байқауы – әлім нарығына шығуға көмектесетін жолдама. Көрменің негізгі миссиясы тауарларды экспорттауда отандық компанияны алға қарай жылжыту мен ынталандыру. Жеңімпаз дауыс беру арқылы анықталады. Ортақ бренд жарнамалық мақсатта 5 жылға беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер