«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» қоқыс айналасындағы дауға нүкте қойды

2018 жылғы 03 Қазан
- Қарағанды облысы
5877 просмотров

Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кәсіпкердің ұстанымын қолдады. Осыдан төрт жыл бұрын қала басшылары қоқыс жәшіктеріне арналған жерді өздігінен имеденіп алды деген жаламен кәсіпкерді айыптаған болатын. Кәсіпорын миллиондаған шығынға батар еді. «ТТК» ЖШС әкімшілік бұзушылық құрамның болмағанын Палата сарапшыларымен дәлелдеуге тура келді.

Бірнеше ай бұрын «ТТК» ЖШС-на қиын кезең туды. Қазақстанның ең ластанған қалалар құрамына кіретін Темрітауда қоқысты бөлек жинау бойынша жалғыз экологиялық жоба жабыла жаздады. Жергілікті әкімдік 400 арнайы контейнер тұрған жер уаскесін рәсімдеуді талап еткен. Мұндай орындалмас талаптарды «ТТК» ЖШС-на 4 жылдан соң қойып отыр. Қайталама шикізатты өңдейтін зауыт жабылса 30-ға жуық адам жұмыссыз қалып, заңсыз полигондар көбейіп кетеді.

 

 

«Біз жасыл контейнерлерді тегін орнаттық, тегін қоқысты алып кетеміз. 4 жыл бұрын жергілкті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың басшылары, әкімдіктен ешкім қандай да бір құжаттарды рәсімдеу керек деп айтқан жоқ. Барлығы жоба жақсы, мұндай бастама қала үшін қажет деді. Сондықтан біз ешқандай құжаттарды рәсімдемедік», – деді «ТТК» ЖШС зауыты директорының орынбасары Әмірбек Орынбеков.

 Бұл мәселе ҚР Ауыл шаруашылығы Жер ресурстарын басқару комитеті Жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру басқармасы өкілінің кәсіпкерлермен өткен кездесу барысында көтерілді. Комитет сарапшылары мемлекеттік органның әрекетінде ешқандай негіз таппады.  

 Сотта әкімдіктің өкілдері заңсыз иемденген жерді анықтау бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Жұмыс барысында жер-кадастрлыұ картада аталған жасыл контейнерлерді орналасытру туралы деректер болмай шықты. Яғни, Жер кодексіне сәйкес осы шекараларды бекітуге дейін оның жер учаскесін пайдалануға құқығы жоқ.

 

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер