«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Колледждерде жан басына қаржыландыру жүйесі пилоттық режимде енгізілуде

2018 жылғы 03 Қазан
- Павлодар облысы
9158 просмотров

Мамандарды сапалы дайындау – өзекті мәселе

Осы мәселеде дуальді білім беру жүйесі қалай әсер етеді, келешектік пен жан басына қаржыландыру «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында қаралады. ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаеваның айтуынша, Павлодар пилоттық режимде жан басына қаржыландыруды енгізетін басым аймақтардың бірі болады.

«Өңірде кәсіби білім беру ұйымдарының әлеуметтік әріптесі болып отырған ірі кәсіпорындар ынтымақтастығының тамаша үлгілері бар. Қазіргі таңда біздің міндетіміз осал тұстарды анықтау, өндірістік оқытуға кететін шығынды ескере отырып, Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарына жан басына қаржыландыру механизмін енгізу қажет», – деді Ләззат Шонаева.

Жан басына қаржыландыруды енгізу қандай мүмкіндіктер беретіні туралы ҚР БҒМ Қаржы орталығында білім беруді мемлекеттік қаржыландыруды дамыту департаменті директорының орынбасары Ирина Талалаева айтып берді.

 «Жан басына қаржыландыру әдістемесі кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында қабылданды. Аталған әдістеменің маңызы ол оқу құнын есептеуді айқындайды. Мұнда оқу құнын есептеудің барлық құрауыштары ескерілген. Шебер-тәлімгерге әр оқушы үшін 8318 теңге көлемінде төлем қарастырылған. Енді қаржыландыру көлемі оқып жатқандардың санына байланысты болады, яғни тәлімгер сағатын төлеу – топтағы студенттер санына көбейтілген бір студент есебінен өндіріледі. Осы ретте тәлімгерге белгілі бір талаптар қарастырылған», – деді Ирина Талалаева.

 Бұған қоса кездесу қатысушылары кәсіптік-техникалық білім беруді қаржыландыру әдістемесінде профиль ішіндегі мамандарды дайындаудағы шығындар ескерілмейді, яғни, білікті жұмысшы немесе орта буын маман ба, біліктілік деңгейі ескепке алынбайтынын атап өтті. Демек әдістемеде жұмыс біліктілігіне түземе коэффициентті енгізу қажет.

«АгроДаму» ЖШС директоры Рустлан Бөкеев ауылда кадрларды дайындау мәселесі тым өзекті, дуальді білім беруді ұйымдастыруда қиындықтар бар екенін айтты. Осылайша, шағын және орта бизнесте оқушыларға практикалық тапсырмаларды орындау кезінде белгілі бір шығындар жұмсалады және өндірістік оқытудың негізгі жүктемесін жұмыс беруші көтереді. Практиканы барлық студенттерге арнап ұйымдастыру қиын, өйткені шаруа қожалықтар әдетте шағын ғана және тәлімгерді әр студентке бекіту қиын.

 Өз кезегінде Павлодар облысы білім беру басқарамсының жетекшісі Сәуле Алекпарова Павлодар облысының колледждері жақсы материалдық-техникалық базамен қамтылғанын атап өтті. Дуальді білім беруде 46 мамандық бойынша 45 білім беру ұйымы жұмыс істеп жатыр. Осы ретте кәсіпорындарда тәлімгерлерге ақша бөлу мәселесі тұр.

«Қазіргі таңда оқу орындары қаржыландыруында бұл бағытқа қаражат қарастырылмаған, кәсіптік оқытуды дуальді оқыту түрінде ұйымдастыру шығындарын өтеуге қаражат бөлу туралы тіпті әңгіме көтерілмейді.  Білім беру басқармасы тәлімгерлерді кәсіпорындарда қаржыландыру тетігін көрмей отыр», – деді Сәуле Алекпарова.

 Қатысушылар дуальды білім беру аясында жан басына қаржыландыруды жетілдіру бойныша бірқатар ұсыныстарды айтты. Дуальді білім беру жүйесі туралы ережелерге білім ордасы мен әлеуметтік әріптестердің бірге қаржыландыруға қатысты өзгерістер енгізу қажеттігі көтерілді.  Бұған қоса Ережелер мен Әдістемеде білім беру ұйымына қаржыландырудың бір бөлігін оқу кәсіпорнына дуальды оқыту үшін шығын материалдарының өзіндік құнын өтеу үшін аударуға мүмкіндік беретін нормалар жоқ.

 Қатысушылар мамандарды теориялық және практикалық даярлаудың барлық шығындарын ескере отырып, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы Кәсіптік-техникалық білім беру мамандарын оқыту процесін жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Тағы бір тармақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын лицензиялау ережесіне қатысты, егер «материалдық-техникалық базаның қолжетімділігі» талаптары «салалық әлеуметтік әріптестермен дуальды оқыту бойынша келісімшарттық қатынастарды» қосу қажет.
  
Мамандарды дайындауда дуальды оқыту жүйесі маңызды орында. Өйткені еңбек нарығына білікті де білімді мамандар қажет. Жиын өңірдегі кадрларды даярлаудағы сындарлы ынтымақтастықтың қажетті механизмдерін анықтаудағы диалогқа айналды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер