Успен ауданына қош келдің, күнгейлік!
Оңтүстіктің кәсіпкерлерін Павлодар облысы Успен ауданында бизнес ашуға шақыруда
Павлодар облысы Успен ауданының әкімі Бауыржан Қасенов орынбасары Жасұзақ Есиркеповпен Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасына болып, оңтүстіктегі шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Күнгейлік кәсіпкерлер үшін оның жері қаншалықты тартымды екенін айтып, өздерінің бизнес идеяларын жүзеге асырғысы келетіндердің барлығын елдің солтүстігіне белсенді барып, сонда бизнес ашып, дамытуға шақырады.
«Успен ауданы облыс орталығы – Павлодар қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан. Ол Новосибирск қаласы мен Алтай өлкесімен шектесіп жатыр, бұл шын мәнінде Ресейге баратын қақпа. Күн сайын Ресейге транзитпен Успен ауданы арқылы 500-ге жуық автокөлік өтеді. Пайдалы географиялық орналасуы жол бойында қызмет көрсетуді қалайтындар үшін өте ыңғайлы. Бірақ, күнгейліктерді тартудағы ең салмақты дәлел біздің облыста ауыл шаруашылығына арналған өте көп бос жердің (350 мың гектардан астам) болуы», – деді Успен ауданының әкімі.
Ауданның негізгі шаруашылық бағыты - ауыл шаруашылық өнімдері, негізінен дәнді дақылдарды өсіру. Ауданда 12 мың тұрғын бар, олардың 60 пайызы орыс тілінде сөйлейтін адамдар. Олар ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте үлкен әлеуетке ие, бірақ олардың кәсіпкерлік рухы жоқ. Билік бастаушы кәсіпкерлерге де өз бизнесін бастау үшін арнайы жер бөлуге дайын. Өңірде сатылымға қойылған көптеген шаруа қожалықтары бар, сондай-ақ оңтүстіктік кәсіпкерлерге беруге дайын ғимараттар мен үй-жайлар көп.
Келушілерден іскерлік белсенділіктің артуына елеулі әсер етуі күтіледі: орналасу жұмыстарын атқарушы билік өз қолына алады. Елдің оңтүстік өңірлеріне ерекше назар аударылады, себебі онда еңбек ресурстарының асып түсуі едәуір байқалады, бірақ оның аясында әсіресе адамдардың іскерлік қасиеттері де айқын көрінеді.
Аудан әкімі оңтүстіктің кәсіпкерлерін солтүстік аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетініне сенім білдірді.
«Мен оңтүстіктен келген әрбір кәсіпкерді қанатым мен қамқорлығыма аламын деп уәде беремін», – деді Бауыржан Қасенов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: