Атыраулық және шотландиялық кәсіпкерлер ынтымақтастықты бағдарлады
Қазақстанда туризм дамуын тежейтін себептердің бірі – авиа тарифтердің қымбаттылығымен байланысты
Мұндай пікірді Абердин (Шотландия) қаласы әкімшілігінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Атырау облысы кәсіпкерлер палатасында өткен кездесу барысында айтты. Шетелдік қонақ өңірге делегациямен келді. Сапардың мақсаты екі қала арасындағы тығыз іскерлік және сауда-экономикалық ынтымақтастықты орнату болды. Делагацияны Абердин қаласы әкімшілігі экономикалық даму департаментінің директоры Андрю Стивен және Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің хатшысы Әнуар Әділбеков бастап келді.
«Екі өңірдің әлеуетін саралай келе ынтымақтастығызды дамытудың екі жолын көріп тұрмын. Біріншіден, бұл сауда. Мен компанияларымзға және қазақстандық әріптестерімізге айтарым: үнемі бір жерде жұмыс істеп, осы жетістікте тоқтап қалуға болмайды, әлемдік нарықтарға шығу керек. Біз ІТ-салада, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларында технологияларды ұсына аламыз. Мен соңғы рет болған 2004 жылдан бері мұнда көп нәрсе өзгерген, даму жолында батыл қадамдар жаслаған. Қазақстандық компнаиялар бізге жақсы тауарлар мен қызметтерді ұсына алатынын байқап тұрмын. Туризмге келетін болсақ, өңірде жақсы әлеует бар. Алайда, тәжірибе сүйеніп айтарым, туризм дамуына кедергі келтіретін бір фактор – авиа тарифтердің жоғары болуы. Лондоннан Атырауға дейін ұшу Еуропадан әлем бойынша саяхатқа жететін қаражатты 09рады. Бұл мәселені шешу үшін арзан авиа қызметтерді тартуға болады», – деп санайды Джон Рейнольдс.
Шотландиялық әріптестермен ынтымақтастықтың келешектігі туралы ойларымен атыраулық кәсіпкерлер бөлісті. Олар шетелдік инвесторлар қолдау көрсетсе, экономиканың түрлі салалары бойынша жұмыс істеуге дайын екендерін атап өтті.
«Елімізге келетін шотландиялық компаниялар негізінен мұнай секторына баса назар аударады. Олардың қызметі экономикамызға оң әсер ететіні сөзсіз. Алайда бірге жұмыс істеуге болатын басқа да салалар бар. Өңіріміздің дамуына венчурлық компанияларды тартуға мүдделіміз. Мәселен, бүгінде қонақүй бизнесі, құрылыс материалдарын өңдеу салаларында әлеует бар», – деді «Феникс ИСА» ЖШС бас директоры Дүйсенбек Ысмағұлов.
Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері, өз кезегінде оларға шетелдік әріптестердің туризм, сауда мен мемлекеттік сатып алулар саласындағы тәжірибесі қызық екенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша жоғарыда аталған салаларда тығыз ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.
Кедендік статистика мәліметтеріне сәйкес Атырау облысының Ұлыбританиямен сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың бірінші тоқсанында 46 мдрд теңгені құрады. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67 пайызға төмендеу байқалған. Қазіргі таңда өңірде британиялық капиталмен 88 компания жұмыс істеуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: