«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жыл өнімі» атағын қазақстандық дәмдеуіштер жеңіп алды

2018 жылғы 27 Қыркүйек
2877 просмотров

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Мәскеуде өткен «World Food Moscow 2018» 27-ші халықаралық азық-түлік көрмесінде отандық 11 өндіруші компания ұсынған Қазақстанның ұлттық стендін таныстырды.

«Made in Kazakhstan» бренді бар павильонды ұсынудың форматы елдің экспорттық әлеуетін тиімді таныстыруға және қазақстандық өнімнің шетелде танымалдығын және ілгерілеуін арттыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Қазақстанның сыртқы сауда палатасы жыл сайын отандық өндірушілер үшін өткізу нарықтарын кеңейтуге және жаңа серіктестерді іздеуге жәрдем көрсете отырып, осындай көрмелерге қатысуды ұйымдастырады. Экспорт географиясын кеңейту және қазақстандық өнімнің экспорттық ағынын ұлғайтудың болашағы зор.

«Бүгінгі таңда біздің компания Қазақстан нарығында шай өнімдері мен дәмдеуіштерді өндіру бойынша жетекші орынға ие. Бұл көрме бізге тек жаңа дистрибьюторларды ғана емес, сонымен қатар ағымдағы серіктестермен кездесуге, барлық жоспарларды талқылауға мүмкіндік берді», - деп атап өтті «World food Moscow» көрмесінде «Жыл тауары» марапатына осымен екінші жыл қатарынан ие болған «Малу»ЖШС басшысы Василий Грищенко.

«Өткен жылы шай өнімдері үшін «алтын» жеңіп алдық, биыл «Магия вкуса» және «Гурман» дәмдеуіштері бізге «күміс» әкелді», - деп атап өтті компания директоры.

Бұл ресейлік әріптестер тарапынан қазақстандық өнімге деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Қазақстандық өнім экспортының географиясын кеңейту үшін мұндай көрмелерге қатысудың тиімділігін қазақстандық тауар өндірушілердің өздері де атап өтеді. Бұл Қазақстанның сыртқы сауда палатасы болашақ кездесулер мен әлеуетті сатып алушылармен іскерлік келіссөздер жүргізу үшін «B2B» форматындағы сауда келіссөздер алаңын дайындап жатыр. Бұл көрмеге қатысушылар арасындағы өзара тиімді қатынастарды одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Осы ретте қазақстандық өнімді шетелге жылжыту мәселесінде ресейлік және шетелдік сатып алушылар лайықты бағалайтын оның жоғары сапасы да маңызды фактор саналады.

«World Food Moscow 2018» көрмесі әлемнің 65 елінен және 1500-ден астам ресейлік және шетелдік компанияларды, 17 федералдық және аймақтық желілерді, азық-түлік пен сусындарды импорттаушылар мен ірі дистрибьютерлерді біріктірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер