«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Экологиялық кодексі жобасының тұжырымдамасы ұсынылды

2018 жылғы 27 Қыркүйек
6488 просмотров

19 қыркүйекте заң жобалық қызмет мәселесі бойынша мекемеаралық комиссияның 406-отырысы өтті

Комиссия заң жобаларының 5 тұжырымдамасын, Экологиялық кодекс тұжырымдамасын және т.б. қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша келесідей шешім қабылданды.

Комиссия мүшелерінің ескертпелері мен ұсыныстарын есепке ала отырып мақұлданған жобалар: 

  • «ҚР заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы тұжырымдамасы;
  • «Еңбек мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының тұжырымдамасы;
  • «Экологиялық мәселелер бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының тұжырымдамасы
  • ҚР Экологиялық кодексі жобасының тұжырымдамасы

Комиссия мүшелерінің ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алып, пысықтауға жіберілген құжаттар:

  •  «Лотерея және лотерея қызметі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының тұжырымдамасы;
  • «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының тұжырымдамасы.

Күн тәртібіндегі материалдармен, сонымен қатар қаралатын мәселелер және Ұлттық палатаның ұстанымы туралы мәліметтерді Қосымшада табуға болады.

Ведомстворалық комиссия 406-отырысының заң жобалық қызмет мәселелері бойынша материалдары

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер