«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Рустам Жүрсінов: «Заңнама тұрақтылығы» қағидасын заңды түрде бекіту қажет

2018 жылғы 24 Қыркүйек
2526 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов ҚР Сенатындағы Үкімет сағатында мәлімдеді.

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы бірнеше рет кейбір кодекстерге енгізілген өзгерістерге талдау жүргізген болатын. 4 жыл ішінде ӘҚБК 83 рет өзгеріс – жалпы саны 1 120-дан астам түзету енгізілді. Экологиялық кодекске 11 жыл ішінде 64 рет өзгеріс, 500-ге жуық түзету енгізілді. Салық кодексіне 2008 жылдан бастап 2500-ден астам түзетулер енгізілді. Орташа есеппен алғанда, жыл сайын бұл кодекске 200-ден астам өзгеріс енгізілген.

«Осы үрдісті қадағалай отырып, «Атамекен» соңғы үш жыл ішінде «заңнама тұрақтылығы» қағидатын заңнамалық бекіту қажеттілігі туралы мәселені көтерді», - деп атап өтті өз сөзінде Рустам Жүрсінов. - Бұл заңнамалық актілерге жүйесіз түзетулер енгізуді шектеуге және Заң жобалау қызметіне ойластырылған көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

Мәжілісте тұрған меншік құқықтарын қорғау және төрелікті күшейту жөніндегі заң жобасы шеңберінде ӘҚБК-ға түзетулер көзделген, оған сәйкес арнайы жеке заңмен жылына бір реттен артық емес өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Сондай-ақ, «Атамекен» ӘҚБК баптарына талдау жүргізеді, онда құқық бұзушылықтың нақты құрамы жоқ, заңға тәуелді ережелерге сілтеме қарастырылған.

«Біз талдау барысында кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамында жоқ ережелерге сілтемелер бар екенін анықтадық. Сондай - ақ біз мүлікті тәркілеуді қарастыратын баптарды қайта қарау бойынша жұмыс жүргізудеміз», - деді Рустам Жүрсінов.

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде экономикалық контрабанда үшін жауапкершілікті шектеу және жалған декларациялауға байланысты баждарды, алымдарды төлеуден жалтару мақсатында «Экономикалық контрабанда» туралы ҚК-нің 234-бабына және «Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуден жалтару» ҚК-нің 236-бабына түзетулер ұсындық.

Басқарма мүшесі бұл шаралар «Экономикалық контрабанда» туралы бап бойынша декларациядағы қате жібергені үшін іс жүзінде жауапкершілікке тартуды жоққа шығаратынын атап өтті.

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамалық жұмыстағы қайшылықтар мен жоспарлау жүйелілігінің болмауы қоғамның Парламент пен Үкімет қызметіне сыни көзқарасын туындататынын атап өтті.

«Атамекен» Экологиялық кодекске қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу бойынша нормалар бөлігіне ерекше көңіл бөледі. Кодекстің қолданыстағы проблемасы- оның фискалдық және жазалау сипаты. Мысалы, ол келтірілген залалды оның ақшалай өтемақысының алдында өтеу басымдығын көздемейді. Бүгінгі таңда бизнеске залал мөлшері мен фактілерін, сондай-ақ тәртіп бұзушының әрекеттері мен салдары арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды дәлелдеудің қажеті жоқ. 

«Бүгінде лимиттердің/нормативтердің асып кету фактісі ғана анықталуда. Біз қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу бойынша нормаларға ерекше назар аударуды ұсынамыз», - деді Рустам Жүрсінов.

Сондай-ақ, ҰКП 2017 жылдан бастап «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасын әзірлеуге қатысып келеді. Спикер атап өткендей, тұтынушыларды тариф белгілеудің жаңа әдістерін енгізуге байланысты тарифтердің күрт өсуінен қорғауға мүмкіндік беретін және келешекте тарифтердің болжамдылығын қамтамасыз ететін шешімдер бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер